Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстанда балабақшамен қамтуды 15-20 пайызға көбейтуге мүмкіндік беретін 2 норма дайындалуда

Қазақстанда балабақшамен қамтуды 15-20 пайызға көбейтуге мүмкіндік беретін 2 норма дайындалуда. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Республикалық, жергілікті бюджет және Ұлттық қор қаражаты есебінен ағымдағы жылы 49 балабақша салынып, жекеменшік 438 балабақша және шағын орталық ашылды. Яғни, жекеменшік сектор көмек көрсетіп отыр. Ол өте қуанышты»,-  деп атап өтті Е.Сағадиев.

Осы ретте министр балабақша құрылысы бойынша бюджетке күш түсірмеу және жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында қолға алынған жұмыс жоспарларымен де бөлісті.

«Біріншіден, жаңа санитарлық, құрылыс нормаларын дайындап, өзгерістер енгіземіз. Бұл екі нормамыз дайын. Ол  балабақшамен қамтуды 15-20 пайызға көбейтуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, биыл республикалық бюджеттен қосымша 35 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беретін боламыз», - деді ол.

Сонымен қатар Е.Сағадиев қазіргі уақытта 3 жылдық бюджеттік процестерге сәйкес жергілікті әкімдіктермен «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшадағы орындарға мемлекеттік тапсырысты 3 жылға орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. «Бүгінгі таңда мемлекттік тапсырыс бір жылға ғана беріледі», - деді Білім министрі.

Автор: Марлан Жиембай

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама