Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Енді мектепте ата-аналар да ағылшын тілін оқиды

Өскемен қаласының мектептерінде ағылшын тілін білмейтін ата-аналарға тіл үйрету курстары ашылды. Алғаш рет қолға алынған шара арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп Baq.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ата-аналардың 56 пайызы үй жұмысын орындау кезінде баласына көмек көрсете алмайды екен. Осыдан кейін ұстаздар тарапынан түскен ұсынысты көбі қолдаған.

Сабақ тегін, аптасына екі рет жүргізіледі. Кешкі алтыда баласын мектептен алып кетуге келген ата-ана бір сағат уақыттарын осы жерде өткізбек. Тәжірибелі шетелдік ұстаздар дәріс оқып, сабақ үйретеді.

«Басқа пәндерден көмектесіп отырамын. Ал ағылшын тілін мектеп мұғалімдерінің арқасында оқып жатыр. Өзім үйрете алмаймын. Осы тілді меңгеріп, баламмен ағылшынша қарым-қатынас жасағым келеді. Күнделікті қызметіме орай арнайы оқытатын оқу орнына баруға жағдайым жоқ. Сондықтан осы бастаманы қолдап, келіп отырмын», - дейді Гүлмира Шәріпханова.

Мектеп директоры Селман Шимшектің пікірінше, бала күндіз мектепте үйренген нәрсесін үйде де жалғастыруы керек. Ата-анасы тілді білсе, білім деңгейін бірден көтеруге болады.

«Бір жағынан, ата-аналар оқушылардың жағдайын жақсы түсінеді», - дейді ол.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама