Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
«Енді ұл тусам...»: Баян Алагөзованың арманы жұртты ойландырды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасымен көпшілікті таң қалдырды. Ол әншілер Майра Ілиясова мен Майра Мұхамедқызымен бірге түскен суретін жариялап, өзінің ерекше тілегін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Екі Майраның, екі Халық әртісінің ортасында тұрып тілек тіледім. Енді ұл тусам ба деп ойлап тұрмын», - деп жазды Алагөзова.

Суреттен олардың арасындағы жақын достық және әріптестік қарым-қатынас байқалады. Майра Мұхамедқызының айтуынша, ескі достар мен ескі кітаптардан артық ештеңе жоқ.

Желі қолданушылары Баян Алагөзованың бұл тілегіне таңданыс білдіріп, оның арманына жетуін тіледі.

Жаңалықтар

Жарнама