
- 26 там. 2020 00:00
- 231
Эпидемиологиялық жағдайы жақсы ауылдарда балалар мектепке барып оқиды
Эпидемиологиялық ахуалы жақсы шалғай ауыл оқушылары мектепке барып білім алады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқи береді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады» деп мәлім етті министрліктен.
Егер ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Қашықтан оқытуда мынадай қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.