Ертегілер әлеміне саяхат
Білім саласы: «Қатынас».
Білім бөлімі: «Тіл дамыту».
Тақырыбы:«Ертегілер әлеміне саяхат» («Жеті лақ» ертегісі).
Мақсаты: «Қатынас» білім саласы бойынша балалардың білімін бекіту; ертегілердің үзінділерін әңгімелей білу, ертегіні сахналай білу дағдыларын, шығармашылық елестетуін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әсем безендірілген орман ішінің бейнесі, ағаштар, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Билингвалды компонент: ертегі - казка, ешкі - коза, лақтар - козлята, қасқыр - волк.
Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
Топқа қонақтар келеді. Балалар қонақтармен амандасады. Жылулық шеңберде тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын!
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Тәрбиеші: балалар, бүгінгі сабағымыз өте қызық әрі ерекше болмақшы. Біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Балала, р саяхатта бізге көптеген кедергілер кездеседі. Солардың бәрінен біз өтуіміз керек.
(осы кезде есік қағылады. Ортаға «Қызыл телпек» келеді).
Қызыл телпек:- Саламатсыңдар ма балалар?
Балалар: - Саламатсыз ба!
Қызыл телпек: Балалар сендер қайда бара жатсыңдар?
Балалар: Біз ертегілер еліне саяхатқа бара жатырмыз.
Қызыл телпек: Ой, жақсы болды ғой, мен де сендермен әжеме барып қалайын. Әйтпесе, орманда бір өзім қорқамын.
Қызыл телпек балалармен бірге саяхатқа поезбен шығады. Балалар орманға келеді. Орманда олардың алдынан көлшік кездеседі. Көлшіктің шетінде аяғы ақсаңдаған бір үйректің отырғанын көреді.
Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдаршы мына үйрек аяғын ауыртып алған - ау, қане, балалар үйрекке көмектесіп жіберейік.
Балалармен бірге үйрекке көмектесіп суға жібереді.
Тәрбиеші: Балалар, біз мынау көлшіктен қалай өтсек екен. А, таптым, анау кішкентай көпірден өтеміз. Бірақ ол тым кішкентай екен. Қане, балалар, осы көпірден біз қазір тепе - теңдік сақтап, бір - біреуден өтейік. (Балаларды көпірден өткізеді)
Балалар келе жатып, бір қоянды көреді. Ол талдың түбінде қорқып отыр екен.
Тәрбиеші: Балалар, мына қоянды қараңдаршы бізден қорқып отыр - ау шамасы. Қане, қоянды ойын арқылы өзімізге шақырайықшы. Қане қоян, ұзын құлағың бар екен. Өзің сондай сүйкімді екенсің. Біз сен туралы ән де білеміз. Қане балалар бірге айтайықшы.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші: Балала, міне біз ертегілер еліне де келіп жеттік. Қане, еске түсірейікші, қандай ертегілер білесіңдер. (Балалар суреттерге қарап «Шалқан», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Жеті лақ» деп жауап береді.) Суреттерін тамашалайды.
Тәрбиеші: Ой жарайсыңдар, балалар, көптеген ертегілер біледі екенсіңдер ғой. Енді, балалар, сол «Жеті лақ» ертегісін біз тамашалайықшы.
Қызыл телпек: Ой, балалар, мен «Жеті лақ» ертегісін білмейді екенмін. Мен де сендермен бірге тамашалағым келіп тұр.
Тәрбиеші:, Балалар ертегілер елінде көптеген сиқырлы ғажайыптар болады екен. Қазір барлығымыз көздерімізді жұмсақ, өздеріміздің сүйікті кейіпкерлерімізге айналады екенбіз.
(Балалар көздерін жұмып өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлеріне айналып, ертегіні сахналайды).
Автор: Ерте, ерте, ертеде орманда бір ешкі өмір сүріпті. Оның жеті лағы болыпты. Бір күні ешкі орманға тамақ әкелуге кетіпті орманға кетер алдында балаларына:
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым. Есікті ешкімге ашпаңдар. Мен сендерге орманннан тамақ әкелемін,- деп балаларына түсіндіріп кетеді екен.
Автор: Осы кезде орманның ішінде бір аш қасқыр жүр екен. Ол лақтарды жегісі келіп, ешкінің үйіне келіпті (жуан даусымен есікті ұрып):
Лақтарым, шырақтарым, есікті ашыңдар. Мен сендердің аналарыңмын, мен орманнан тамақ әкелдім.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Лашын Сандуғаш Маханқызы
Толық нұсқасын жүктеу