Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Ертеңгі бақытты болашақ!
Тәрбие сағаты 2 сынып

Тақырыбы: «Ертеңгі бақытты болашақ!»
Мақсаты: Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы білімдерін толықтыру.
Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ертеңгі бақытты болашақ!»атты плакат, суреттер, нақыл сөздер.

Жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! 2 «а» сынып оқушыларының дайындаған «Ертеңгі бақытты болашақ!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Хор: әнұран
Мұғалім: Шұғыла, сен өзіңді не үшін бақытты балдырғанмын деп ойлайсың?
Оқушы: - Иә, мен өзімді бақытты деп санайтын себебім, өйткені менің сүйікті Отаным, қасиетті ана тілім, ардақты да аяулым ата - анам бар. Ал осының бәрін сүйіп ардақтай білуді маған алтын ұя мектебім мен ұстаздарым үйретті.
Мұғалім: Олай болса, осы сұраққа сендер қалай жауап берер едіңдер?
1 - Оқушы:
Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берер ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2 – оқушы:
Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3 – оқушы:
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Хор «Отан»

4 – оқушы:
«Отан» дегеніміз – төрт әріптен тұратын сөз. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.
6 – оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
7 – оқушы:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақстан?!
8 - оқушы:
О, Отаным құлыгыңмын қойныңда,
Өзіңмен өмірім өзің де балаң ойым да.
Болашағың күлімдеген ертеңгі
Отан – Ана мына менің мойнымда.

Ән: «Көк тудың желбірегені»
Орындаушылар: Нұржігіт, Қуаныш, Ақтілек, Саламат

9 – оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Оқушы:
Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.
Жүргізуші:
Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.
Оқушы:
Бастадым сөзімді ана деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.

Оқушы: Аман бол, өр тұлғалы әкелерім,
Қыран құстай болашағым мәпелеген.
Бүгін міне өз өнерін көрсетеді
Азамат боп кешегі сәби еркелерің.

Ән: «Ананың тілі»
Орындайтындар: Нұржігіт, Қуаныш

Оқушы:
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне біршегетін сапарды
Ардақтаймын өмірде асқар таудай атамды.

Оқушы:
Ертігісі, өзінің, таусылмайды не түрлі,
Әжімдерді көзінің, ақ мейірім секілді,
Кимешегін, жаулығын, теңеп аппақ гүлге мен
Әжемнің денсаулығын тілеп жүрем күнде мен.

Көрініс: «Атасы мен немересі»

Жүргізуші:
Ал біз келешекте өміріміздің шамшырағы болатын өнер – білімді үйретіп жатқан алтын ұя мектебімізбен аяулы ұстаздарымыздың арқасында өзімізді бақытты балдырған деп санаймыз.
Жүргізуші:
Аялаған баптаған,
Асыраған, сақтаған,
Сақтандырып күнде еппен
Мектебіме мың алғыс!
Мектебіме мың алғыс!

Ән «Мектебім»
Орындаушы: Шұғыла, Әнел

Жүргізуші:
Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.
Арманның асқарына қанат қаққан
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Хор: «Атамекен»
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама