Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Механикалық қозғалыс (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, жаратылыстану 5 сынып
Тақырыптар:
16 - сабақ. Механикалық қозғалыс
17 - сабақ. Тепе - теңдік
18 - сабақ. Ғаламшардағы тіршілік
19 - сабақ. Жануарлардың көп түрлілігі және маңызы
20 - сабақ. Жануарлар арасындағы қарым - қатынас


Жаратылыстану 5 сынып
Тақырыбы: Механикалық қозғалыс.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға механикалық қозғалыс жалпы қозғалыс жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең - ұйымдастыру. 4 кезең - бекіту.
2 кезең - үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең - үйге тапсырма беру.
3 кезең - жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең - қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
1) Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
2) Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы сұрау.
1. Табиғатта физикалық - химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады?
2. Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар?
3. Қандай құбылысты физикалық құбылыс дейміз?
3) Адам қозғалыссыз өмір сүре ала ма? Қозғалыс дегеніміз не? Кеңістікте дененің салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда орналасқан жерін өзгертуі. Жалпы айтатын болсақ табиғаттағы кез келген өзгерісті қозғалыс деп түсінеміз. Бір орыннан үнемі қозғалмайтын дене жоқ. Мысалы, адам пойызда отырғанда салыстырмалы түрде орындықта қозғалмай отыруы мүмкін, бірақ ол белгілі бір бағытта пойыз арқылы жүріп бара жатыр. Яғни дененің жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын - инерция дейді.
4) Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2. Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер.
3. Инерция дегеніміз не?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
5) §41 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
6) Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама