Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Ертеңгілік: «Қош келдің, Жаңа Жыл!»

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, шыршаны айнала тұрады.

Жүргізүші: Қымбатты балалар, қонақтар! Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жыл меркесімен құттықтаймын!
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
Әдемілеп біз ілеген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Тамсанайық баршамыз
Балалар, қарандаршы, Аяз Ата бізге қандай әдемі шыршаны құрған. Қане, айналып, қол ұстасып, ойыншықтарын тамашалайықшы.
Ән: «Шырша»
Жүргізуші: Бәрімізге анықты
Мереке болады көңілді:
Ән шырқаймыз бәріміз,
Қонақтарды қарсы аламыз.
Қане, шапалақтап қонақтарды шақырайық.
Тссс... Біреу келе жатыр, шыршаның артына тығылып қалайық.
Балалар шыршаның артына тығылады.
Музыка әуенімен Ақшақар кіреді.
Ақшақар: (әндете) Немересі Аяздын
Мен Ақшақар боламын.
Балалармен ойнаймын,
Билеймін, әндетемін. Ля - ля - ля - ля!
Міне «Күнімай» тобының мерекесіде болып жатыр екен. Ой, неге ешкім көрінбейді, дыбыстар да естілмейді? Балаларды іздейін: оңға, солға қарайын.
Іздейді.
Мысықтардың мияулаған дауысы естіледі, сонан соң иттердің және торғайлардың дауысымен дыбыстайды, ақырында балалар шыршаның алдына шығып «Міне біз» деп Ақша – қарды құшақтайды.
Ақшақар: - Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Ақшақар: - Сендер менімен ойнадыңдар ма?
Балалар: - Иә!
Ақшақар:- Ай, кішкентай тентектерім.
Қандай сәнді киімдерін
Өздерің сондай көңілді...
Ал шырша қандай әдемі!
Шеңбер жылдам құрайық,
Шыршаны айналайық,
Шапалақтап, қуанып,
Шамдарын жарқыратайық!
Шыршаның шамдары жанады.
Жүргізуші:
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанайық бәріміз
«АЮ» қимылды би
Балалар орындарына отырады.
Ақшақар: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешіп көріңдерші.
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айғай, шу.
Балалар: - Түлкі!
Музыка әуенімен Түлкі келеді
Түлкі: - Сәлеметсіңдерме, балалар!
Ия, ия, мен Түлкімін. Орманда ең әдемі, ең сұлу менмін!(құйрығын сипайды)
О! Шырша қандай керемет!
Ойыншықтары ілінген,
Шамдары жарқыраған,
Бақшаларың сәнденген!
Ақшақар:- Түлкіжан, қандай жақсы келгенің!
Ойнай – ғойшы бізбенен!
Түлкі: - Ойынды өте ұнатамын, бірақ алдыменен жұмбақ жасырамын. Жұмбақтарды шешу білесіңдер ме?
Сықырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Түлкі:- Жарайсыңдар, бөбектер! Онда бәріміз қоянға айналып, орманда ойнайық.
Ойын «Түлкі мен қояндар»
Ақшақар: - Рахмет, Түлкі, ойының балаларға өте ұнады. Біздің қадірлі қонағымыз болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар айтылады
Түлкі: - Рахмет, балалар!
Ақшақар:- Ал біз Аяз Атаны күтіп жүрміз. Бәріміз қосылып шақырайықшы. Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз – Ата!
Таяқпен тықылдатып: «Әу, бөбектерім! Келе жатырмын!» - деп Аяз Ата музыка әуенімен кіреді
Аяз Ата: Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған, Жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
ӘН: «Бала, бала балапан»
Аяз ата:- Ай, жарайсыңдар! Менен қорықпайды екенсіңдер, шаршаттындар мені әбден.
Сәл демалайын.
Тақпақтарынды тындайын.
Тақпақтар айтылады
Ақшақар:
Әне балалар қараңдар қоян келе жатыр!
БИ: «Қояндар»
Аяз ата: Айналаға қанша қар түсті! Келіңдер, балалар, қар атысып ойнайық!
Ойын «Қар атысу»
Ақшақар үлкен омбы қарды домалатып әкеліп:
Ақшақар: - Аяз ата, қараңыз, қандай үлкен омбы қар!
Аяз Ата: Қандай ғажайып омбы қар!
Іші толған сыйлықтар!
Ақшақар: Балалар, отырыңдар, Аяз Ата бізге сиқыр көрсетеді.
Аяз Ата: Бар күшімді салайын:
Омбы қарды айналып,
Таяғымды тигізіп,
Сиқырлы сөздерімді қолданып
Сыйлықтарды алайын!
Омбы қардың ішінен сыйлықтарды алып шығып, балаларға таратады.
Балалар: Рахмет, Аяз – Ата!
Жүргізуші: Балалар олай болса мерекемізді тобымызға барып жалғастырайық!

Жамбыл облысы, Тараз қаласы
 №13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі

Миллионова Ардақ Жанабаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама