- 29 қаң. 2020 00:00
- 278
Еруліге қарулы
Бір еркек бір үйдің алдына ренжи келіп, отағасына:
— Мырза, итіңіз аяғымды қауып алды, мен сіздің үстіңізден сақшыға арыз түсіремін, — дейді.
— Арызданбасаңыз екен, — дейді де үй иесі қалтасынан бір қағаздық ақшаны алып оған ұстата береді, — мына жүз түменді алыңыз.
Әлгі еркек ақшаны қалтасына салады да, арызданбайтындығын айтады. Ол кетіп бара жатқанда үй иесі қарқылдап кеп күледі. Еркек артына бұрылып:
— Неге күлдіңіз? — деп сұрайды.
— Жарқыным, саған бергенім жалған ақша болатын.
Мұны естіп әлгі еркек те қарқылдап күледі де:
— Оқасы жоқ, мырза, сіздің итіңіз қапқан аяғым да жалған аяқ болатын.