- 29 қаң. 2020 00:00
- 264
Атағы бекер шықпаған екен
Қарттар қыстағына келген жолаушы көшеде жылап отырған бір қарияны көреді. Жолаушы оның алдына барып:
— Атай, қанша жасқа келдіңіз? — деп сұрайды.
— Жүз жиырма жасқа келдім.
— Неге жылап отырсыз?
— Әкем ұрды?
Жолаушы елең ете түсіп:
— Сіз осынша жасқа келгеніңізде әкеңіз әлі тірі ме еді?
— Тірі еді.
— Сонда әкеңіз не қылмадың деп ұрды?
— Әкемнің әкесімен ерегесіп қалғаным үшін.