Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Есегіңнің мінезі жаман екен

Қожанасыр есегін сату үшін базарға алып барып, делдалға ұстатты. Есек алушылардың бірі келіп, есектің аузын ашып, тісін көргелі тұрғанда, оның қолын тістеп алып, шошытып жібереді. Аздан соң екінші бір алушы келіп, қыр арқа жонын, сауырсынын сипап, құйрығын сипай бергенде, қос аяқтап теуіп жібереді. Бұл жағдайды көрген делдал Қожанасырға қарап:

— Есегіңнің мінезі жаман екен ғой, базарға неге әкелдің? — депті. Оған Қожанасыр:

— Е, достым, мен есегімді базарға сатайын деп әкелгенім жоқ, оның маған істеген зәбір-зұлымдарын жұрт өз көзімен көрсін деп әкеліп едім, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама