- 03 ақп. 2020 00:00
- 186
Тоғыз ай, тоғыз күндік жолдары...
Қожанасырдың алған жұбайы айы толып, апта өтпей босанып қалады. Қожанасыр қуанған да жоқ, ренжіген де жоқ.
Қайта жас нәрестенің жастығының астына дәптер мен қалам, кітап алып келіп тығып қоя береді. Оған таңырқаған жұрт Қожанасырдан себебін сұрайды:
— Ей, жұртым, мұның несін сұрайсыңдар?! Тоғыз ай, тоғыз күндік жолды аптада басып келген бұл бала, аз күн ішінде мектепке де барып қалар деймін, — деген екен.