Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұйқым қашып кетіп, ұстатпай жүргені

Қожанасыр кешкі жатар мезгілде үйдің сыртына шығып, ары-бері айналып, кес-кестеп жүре беріпті. Нақ сол кезде арықтағы суды қарауылдап жүрген су мұрабы тап болып:

— Қожеке-ау, түн ішінде не істеп жүрсің, далада? — депті.

Қожанасыр:

— Ұйқым қашып кетіп, ұстатпай жүргені, соны ұстап алайын деп, іздеп жүргенім ғой, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама