ашық дереккөз
- 31 нау. 2026 11:30
- 24
Есірткімен ұсталған танымал әнші көше сыпырып жүр
Есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін сотталған танымал әнші Омар Амантаев, яғни Qarakesek лақап атымен танымал тұлға, енді Ақтөбе қаласының көшелерін тазалау жұмыстарына кірісті. Бұл оның сот шешімі бойынша атқаруға тиіс 100 сағаттық қоғамдық жұмысының бір бөлігі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наурыз мерекесінен кейін басталған жұмыстарды әнші Алматы ауданы әкімдігінің бақылауымен Damu Life ЖШС-нің қарамағында атқарып жатыр. Компания басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, Омар Амантаев белгіленген уақытты толық өтеп, жұмысын адал атқаруда. Аталған компания Ақтөбедегі Заречный тұрғын алабындағы аялдамалар мен саябақтарды тазалауға жауапты.
Еске сала кетейік, Qarakesek есірткіге мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Сонымен қатар, есірткіні заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сотта әнші өз кінәсін толық мойындаған.