tengrinews.kz
- 01 сәу. 2026 01:00
- 23
Ғалымдар жүріс жылдамдығы мен өмір сүру ұзақтығы арасындағы байланысты анықтады
Адамның өмір сүру ұзақтығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – оның жүріс жылдамдығы екені белгілі болды. Британдық ғалымдар жүргізген зерттеулер көрсеткендей, жылдам жүретін адамдардың ерте қайтыс болу қаупі төмен.
Бұл туралы Ұлыбританияның Лестер университетінің мамандары «Mayo Clinic Proceedings» журналында жариялаған зерттеулерінде айтып өткен. Аталған зерттеуге 407 мыңнан астам адамның деректері талданған.
Ғалымдар бес түрлі физикалық көрсеткішті салыстырған: жүріс жылдамдығы, қолдың сілкінісінің күші, тыныш күйдегі жүрек соғысының жиілігі, ұйқының ұзақтығы және күнделікті белсенділік деңгейі. Нәтижесінде, адамның әдеттегі жүріс қарқыны өмір сүру ұзақтығымен ең тығыз байланысты екені анықталды. Бұл көрсеткіш басқа медициналық белгілерге қарағанда, денсаулықтың ұзақ мерзімді болжамымен мықтырақ байланыс танытты.
Әсіресе, созылмалы аурулары бар адамдарда бұл заңдылық айқын байқалған. Ғалымдар дәстүрлі медициналық көрсеткіштер, мысалы холестерин немесе артериалдық қан қысымы сияқты мәліметтердің орнына жүріс жылдамдығын қолданғанда, тәуекелдіктерді болжау дәлдігі артқан.
Зерттеу авторларының пікірінше, қарапайым серуендеу жылдамдығы денсаулықты бағалаудың оңай және қолжетімді құралы бола алады. Бұл көрсеткіш күрделі талдауды қажет етпейді және өмір салтын өзгертуге, аурулардың алдын алуға баса назар аударуы қажет адамдарды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.