tengrinews.kz
- 23 сәу. 2026 17:00
- 27
Грециядан Қазақстанға 230 мың доллармен ұрланып кеткен бухгалтер экстрадицияланды
Грекия аумағынан Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдікті әйел экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылы Алматыдағы көлік компаниясының бухгалтері болып жұмыс істеген әйел, басшысынан 230 мың доллар ақшаны иемденіп, кейін елден бой тасалаған. Ол халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
2024 жылдың маусым айында күдікті Грекия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен отанына экстрадицияланды. Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, Сербия арқылы транзиттік тасымалдауды ұйымдастыруға Қазақстанның сол елдегі елшілігі көмек көрсетті.
Күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Ол жасады деген қылмысы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.