Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Гүл. Ораз Асқар
Сабақтың тақырыбы: Гүл. Ораз Асқар
Үй тапсырмасы
Құлын мінген бала. Ә. Нұршайықов

1. Оқиға барысын қысқаша баянда (жалғастыру арқылы)
2. Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?
3. Ол құрбыларына не деп мақтанатын еді?
4. Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды?

Поэзия минуты

Ораз Асқар 1937 жылдың 16 қыркүйегіндегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы Бесқұдық аулында туған. Ол ақындық биік армандарды аңсаған ақын. Балаларға арналған“Жеңісбай” “Ақмарал”,”Кім көріпті мұндайды”, “Ақ тоқаш”, “Алатау” атты кітаптары бар. Көптеген әндердің авторы, “Анашым”, “Бақытты балалық”, “Мейірбан ұстаздар”, “Қоңыр күз” сияқты әндері ерекше. Ақын туған өлкеміздің шар тарабын, әр көрінісін сүйсіне жырлайды.

Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Өлең мазмұнын түсіндіру
3. Тізбектей оқу
4. Өлең ішінен бір буынды сөздерді теріп жазу.
5. Топтарға тапсырма: 1. Мәншүк
2. Сауға. 3. Омырау. 4. Алуан

Сөздік жұмыс
• Атыс толасында – шайқас үстінде
• Омырау - кеудеге
• Жанға сауа – өміріме араша бол
• Таптатпау – аяқ астына қалдырмау
Суретті диафильм
“Ер есімі – ел есінде”
Ұлы Отан соғысының
батырларының суреттері бойынша олар туралы әңгімелеу

Пікір ағашы
Проблемалық сұрақ:
Сен батырсың ба?
Батыр болсаң не істер едің?

Шығармашылық тапсырма
1 - топ: Ерлік, батырлық, бейбітшілік туралы мақал жазу, мәнін ашу
2 - топ: Бейбітшілік тақырыбына өлең құрастыру
3 - топ: Бас жол өлең (Мәншүк)
4 - топ:”Мен соғысты жек көрем” әңгіме құру

Қорытындылау
Сұрақтар:
1. “Гүл” өлеңінің авторы кім?
2. Жер шары балаларының тілегі не?
3. Кеңес Одағының батырларын ата?

Үйге тапсырма
• Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау
• “Ер есімі – ел есінде” тақырыбына шағын әңгіме жаз
• Сурет салу “ Бейбітшілік”

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама