- 07 сәу. 2026 12:30
- 32
Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды
Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Ол 24 наурызда Алматыдағы үйінен шығып кетіп, оралмаған болатын.
Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Марқұмның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Оның жары бұған дейін «Бармысың бауырым?» бағдарламасына шығып, жоғалған ұлын іздеген еді.