- 05 нау. 2024 04:40
- 303
Ілияс Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі
Әдебиет пәні 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: І. Жасүгіров «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Құлагер бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздік сырын ашу.
Сабақтың міндеті:
б) Құлагер бейнесі арқылы қазақ халқының шынайы өмір тұрмысын, ақын көзқарасын ұғындырту.
т) Оқушылардың өнерге деген құрметтеушілік сезімін тудыра отырып, тектілік пен теңсіздіктің ала жігін бағамдай білуге тәрбиелеу.
д) Поэманың оптимистік рухтағы қуатын жеткізуге жол салу.
Сабақтың түрі: іздену сабағы.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сөз, практикалық, мәнерлеп оқу әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: дәйектемелер, «Құлагер» поэмасы, интерактивті тақта, слайд-шоу.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) сынып оқушыларын тексеру
ә) сыныптың санитарлық тазалығы
б) оқу құралын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау: а) «Осындай ас боп жатты Арқада бір» (Ас суреті)
ә) Балуан күресі
Сұрақтар: (акт-дау)
1. «Ас» тарауында қандай түйінді ой жатыр?
2. Асқа келген қонақтарды ақын қалай бейнелейді?
3. Аста қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрінеді?
4. Ақын мен Батыраштың алғашқы кездесуінен не байқадыңдар?
5. Батыраш Ақанға неге ызалы?
6. Ақан қалың қауым арасында қалай бағаланады?
7. Ақан аса қандай дайындықпен келіп еді?
Жаңа сабақ: Құлагер бейнесі. Иә, біз бүгін сол «Құлагер» әні болатын. Ақан мен Құлагер даңқын бүкіл қазақ даласына жеткізген де осы ән еді. Әйтсе де, ақын Ілияс Ақанның басқа да ән өлеңдерін пайдаланған, оның орындаушылық шеберлігі мен әншілік өнерінің құдіретін танытқан.
Ақ отау топырлады Ақан түскен
Қалың жұрт кетті сырттан іштен
Шығады Ақан даусы әнге талып,
Безілген ғашық жармен, қыран құспен
Көкшеден құйылғандай бір бал бұлақ
Тәтті әнге халық қанды ел сусындап.
Сол себепті, осылай жұртты серпілткен Ақан кім еді? Соған тоқталайық
Осы Ақан бейнесін аша түскен Құлагер бейнесі. Құлагер-шындық өмірде де, Ілияс поэмасын да Ақанның жан серігі. Ақан жанын жаралап, жалғыздыққа ұшыратты.
Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ
Оларды іздеп жұртпен жауықпақ жоқ
Қапыда қатты тиген сол соққыдан
Қираған жан қанатын сауықпақ жоқ
Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ.
Оларды енді көксер мақсатта жоқ
Күңіренген күні-түні «Құлагерге»
Асқақ ән, әсем үнді зар жоқ та жоқ.
Асан мен Құлагер бірін бірі толықтыратын, бөліп алуға болмайтын бейнелер. Дамыту
Ілияс поэмада «қырға біткен шынайы жел жүйріктерінің» талайының мүсінін мүсіндеген. Ал Құлагерге келгенде ақын өз білімі мен талантына қоса, халықтың көп жылдық жүйрік ат жөніндегі пікірлерін сарқа пайдаланған. Осы ретте Абайдың «Аттың сыны» өлеңі мен Ақанның Құлагерге байланысты өлең жырларын пайдалана білген.
Енді Батыраш Құлагерге алғаш көргенде қандай ой түйді?
Соған тоқталайық
Ал Күреңбай сыншы көзқарасымен Құлагер қалай сипатталады?
Соған ой жіберейік.
Бекіту:
Ал, Абайдың «Аттың сыны» өлеңіндегі жүйрік ат бейнесі қандай екен?
Енді екі жүйріктің ұқсастықтары бар ма?
Абай
Тәует бас
қамыс құлақ
қоян жақ
Ілияс
Тәует бас
қамыс құлақ
қураған жақ
Поэтикалық
үндестік
Үйге тапсырма: «Құлагер» поэмасын оқу, үзінді жаттау
Бағалау
Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы