- 05 нау. 2024 03:39
- 218
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық
Алгебрадан қысқы мерзімді жоспар.
Математика
Алгебра 11 сынып
Тақырыбы: Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық.
Мақсаты: 1. Білімділік: Үйлесімсіз оқиға, тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық, оқиғалар қосындысы, оқиғалардың көбейтіндісі ұғымдарымен, сонымен қатар ықтималдықтардың қосу және көбейту теоремаларымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.
2. Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары мен шартты ықтималдылықтарға берілген есептерді шығара алады.
Ресурстар: Маркерлер, кеспе қағаздар
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Ыстық орындық», кластер.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір - біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.
І. Қызығушылықты ояту. 14 минут
Сұрақтар тізбесі.
1). Көрсеткіштік функция деген не?
2). Көрсеткіш функцияның қасиеттерін ата?
3) Логарифмдік функция дегеніміз не?
4) Логарифмдік функцияның анықталу облысын қалай табамыз?
5) Параметрі бар теңдеу дегеніміз не?
6) Параметрі бар теңсіздік дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану. 23 минут
Өздігінен білім алуға мүмкіндік беру:
1 - анықтама. Тәжірибе барысында екі оқиғаның біреуі екіншісінің орындалуын жоққа шығарса, онда мұндай оқи, алар үйлесімсіз деп аталады.
1 теорема. Үйлесімсіз екі оқиғаның кез келген біреуінің орындалуының ықтималдығы осы оқиғалардың ықтималдықтарының қосындысына тең. Р(А+В)=Р(А)+Р(В)
2 - анықтама. Бірінші оқиғаның ықтималдығы екінші оқиғаның пайда болуына байланысты болатын екі оқиғаны тәуелсіз оқиғалар деп атайды.
3 – анықтама. Бір тәжірибенің қорытындысы үшін топтың тек қана бір оқиғасы болатын А 1, А 2,..., Аn оқиғалар жүйесі оқиғалардың толық тобы деп аталады.
2 теорема. Толық топтың оқиғалар саны 1 - ге тең.
3 теорема. А және В тәуелсіз оқиғалардың бірдей орындалу ықтималдығы осы оқиғалардың көбейтіндісіне тең: Р(АВ)=Р(А)*Р(В)
4 - анықтама. Бір оқиғаның орындалуы екінші оқиғаға тәуелді болатын оқиғаларды тәуелді оқиғалар деп атайды.
5 – анықтама. А оқиғасы орындалғаннан кейін анықталған В оқиғасының ықтималдығын Р А(В) шартты ықтималдық деп атайды.
4 – теорема. Тәуелді екі оқиғаның орындалу ықтималдығы бірінші оқиғаның ықтималдығын бірінші оқиға орындалғаннан кейін анықталған екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең Р(АВ)=Р(А)*Р А(В).
Ықтималдылықтарды қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдылық. жүктеу