Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ырғақты айыру ойыны

Музыкасын жазған Күнсайын Қуатбаев

Даңғыраны ұр қатты,

Дәл қайтала ырғақты.

Тоғайда көп Тоқылдақ,

Үн естілді тоқылдап:

Тоқ, тоқ, тоқ!

Тоқ, тоқ, тоқ, тоқ!

Даңғыраны ұр қатты,

Дәл қайтала ырғақты.

Күн күркіреп, жарқылдап,

Бұршақ жауды сартылдап:

Сарт – сарт – сарт – сарт!

Сарт – сарт – сарт – сарт – сарт!

Даңғыраны ұр қатты,

Дәл қайтала ырғақты.

Дүрсілдетіп даланы,

Пойыз кетіп барады:

Ду – ду – ду – ду –

ду – ду – ду – ду – ду!

Ду – ду – ду – ду –

ду – ду – ду – ду.

Балалар қол ұстасып, шеңбер жасай жүріп, әннің бірінші және екінші шумағын айтады: «Тоқ – тоқ – тоқ...», «Сарт – сарт – сарт...» сөздеріне тоқтап, ырғақты алақандарымен соғады.

Бірінші шумақтың 4-ші жолы қайталанғанда, қол ұстасады, екінші шумақтың 4-ші жолы қайталанғанда, бірінің артынан бірі тұрады.

Үшінші шумақта шеңбермен жүріп ән салады: «Ду – ду – ду...» буындарында бірінің соңынан бірі жүріп, пойыз жүрісін салады, соңғы жол қайталанғанда тоқтап, кетіп бара жатқан «пойызға» қол бұлғайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама