Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаһандық жылыну деген не?

Адамдар тарапынан атмосфераға жіберілген газдардың әсерінен жер бетінің температурасының артуына жаһандық жылыну деп айтылады.

Жер беті күн сәулелері арқылы жылиды. Бұл сәулелер жерге шағылып атмосфераға қайтады. Бірақ кейбір сәулелер жолда су буы, көмірқашқыл газы және метан газынан құралған табиғи қабықшада тұтылады. Бұл құбылыстар жер бетінің жылуының артуына әкеліп соғады.

Сонымен қатар соңғы кездердегі торф отынын жағу, ормандарды қырқу, халық санының жедел өсуі және адамдардың тұтыну қабілеттерінің артуы сияқты себептермен көмірқышқыл газы, метан және диазот моноксит газдарының атмосферадағы мөлшерінің көбейгені анықталды.

Ғалымдардың айтуынша жаһандық ысынуға осы аталған факторлар себеп болуда. 1860 ж бастап осы күнге дейінгі тіркелген ақпараттар орталама жаһандық жылудың 0,5 – 0,8 градусқа артқанын атап көрсетті.

Ешқандай шара қолданылмайтын болса 2100 жылы орташа жаһандық жылу 2 градусқа көтерілетіні ықтимал. Мұндай жылудың әсері полюстердегі мұздардың еруіне, теңіз деңгейінен көтеріліп жағалауларда жердің азаюына әкеліп соғады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама