- 01 сәу. 2023 00:00
- 208
Құбыла бағыты
Бір жолаушы автобус келгенше автовокзалдың коридорын аралап жүреді. Қолын жуу үшін әжетханаға барғанда жұмысшы киімін киген бір жас адам оған:
— Намаз оқиын деп жатырсыз ба? Дәрет алатын жеріміз де бар, — дейді.
Жолаушы қолындағы темекінің күлін алдындағы адамның аяғының қасына түсіріп,
— Сен қызметші боларсың. Бұл жерде не істейсің? — дейді тәкаппарланып.
— Тазалықшымын. Қол жуғыш пен әжетхананы тазалаймын.
— Мен намазды сен сияқты тақыр кедейлерге қалдырдым. Бұл сендерге сондай жарасады…
Тазалық қызметшісі ол адамның әрекетіне мән бермеді. Бірақ, намазға жасалған құрметсіздік оны қатты қинады. Қандай жауап қайтаруды біраз ойланғаннан кейін үндемеуді жөн көрді!
Біраздан соң әлгі жолаушы келе жатып басының айналғанын сезді. Қолына шешіп алған пальтосы да зіл басып барады. Жеген екі кәуабы оның қан қысымын көтеріп, өзін әлсіз сезінді. Бірнеше қадам аттағаннан кейін нашарлап, тізерлеп отырып қалды. Қолындағы пальто одан бұрын жерге түсіп, киімінің кірлеуіне кедергі болды. Жүрелеп отырса да қатты айналған басын жерге сүйеп, біраз демалды. Тұрған кезінде тағы да басы айналып, әрекетін қайталады. Бірақ, өзін басқа адамдар көреді деп абыржыған еді. Сол үшін оңға, солға қараған кезінде шәй тасушы бір жас жігіт қарсы алдынан шығып, құрметпен амандасып:
— Намазыңызды Аллаһ қабыл етсін, бірақ құбыла біраз оң жақта еді, — дейді.