Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жалындаған жас журналистер


2016 жылдың 3 наурыз күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 9-оқу ғимаратында «Журналистика» мамандығы бойынша 1-4 курс студенттері арасында пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Аталған шара журналистика және әлеуметтік-ғылымдар кафедрасының ұйымдастырылуымен өткізілді. 
Студенттер бұқаралық ақпарат құралдарының салалары бойынша келесідей номинацияларда бағаланды: «Ең үздік фото», «Ең үздік бейне сюжет», «Ең үздік онлайн жазба». Олимпиада шарты бойынша «Ең үздік фото» номинациясында әр топ «Қас қағым сәт» тақырыбында түсірген фотоларын көрсетуі тиіс. «Ең үздік бейне сюжет» номинациясында барлық топ «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» тақырып аясында бейне сюжет дайындаған болатын. «Ең үздік жазба» номинациясында барлық топ аудиторияда ұсынылған тақырып аясында интернет сайтқа, блогқа, ақпараттық жанрда материал жазды.
- Мен үшін бұл өте үлкен тәжірибе. Өзіміздің қателіктерімізді байқап, қанаты қатпаған біздей жас журналистерді шындайды, - деді Жадыра Мажибаева.
Аталмыш олимпиада журналистика мамандығының сапасын арттыру, студенттердің креативті ойлау қабілетін арттыру, журналистік шеберліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама