Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаңаша оқытуға - жаңаша көзқарас
Тақырыбы: «ЖАҢАША ОҚЫТУҒА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»
Оқытудың мақсаты: Мұғалімдерге топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету. Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылау. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін көреді. Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылайды. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.

Құрал - жабдықтары: Мұғалімге арналған нұсқаулық (І деңгей), бейне - ролик, мәтіндер, суреттер, слайд, стикерлер
Жүру барысы:

І. Кіріспе бөлім
Амандасу - Тренинг - «Молекулалар»
ІІ. Оқытудың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Негізгі бөлім
1) «Ескі көзқарастағы мұғалім - ол қандай?» Мысалдар келтіре аласыз ба?
Бейне - ролик көру. «Школа моей мечты»- Ералаш топтамасынан
- Осы сияқты қылықтармен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылықтарын төмендетері сөзсіз.
2) «Миға шабуыл»
- Сіздер оқытуда қандай кедергілерге тап боласыздар, оны қалай шешесіздер?
- Жалпы, оқушылардың қызығушылығын арттыруды көздейтін шағын болса да зерттеулер жүргізіп көрдіңіздер ме? Ол қалай іске асты?
4). Шағын лекция: « Топпен жұмысты ұйымдастырудың ережелері» Слайд арқылы түсіндіру
а) топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін топ қалай құрылса да жаңадан құрылған кезде топтағы оқушылар бір - бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стильіне икемделуге, бейімделуге уақыт керек.
ә) Топта жалпы ережелерді басшылыққа алу керек. (Топ ережелерінің үлгісін көрсету)
Топтың әр мүшесі өзінен не күтілетінін, жұмыс қалай бөлінгенін, кімге қалай қолдау көрсету керектігін және ЕҢ НЕГІЗГІСІ нәтижеге қалай қол жеткізетіндігін білу керек.
б) Топ мүшелерінің саны
шағын топтар – 5 - 6 адамнан аспау керек
Жұптар - 2 адамнан
Үлкен топтар - 7 ден 12 - 13, 14 ке дейін
5). Топтағы бірлескен жұмыс
- Сіздер өздеріңіз топқа бөлудің қандай тәсілдерін білесіздер? (Коучингке қатысып көрген мұғалімдер өздері пайдаланған тренингтерді өткізіп көрсетеді.)
а) «Ұқсас суреттер» арқылы бірнеше топқа бөлу

ә) Мұғалімдердің әр тобына бірнеше суреттер беру. Осы суреттерді пайдаланып оларды қандай топтарға бөлетін едіңіздер? 1 - топтың суреттерін: көктем, транспорт деген екі тақырыпқа жіктеуге болады. 2 – топтың суреттерін: қысқы киімдер, ағаштан жасалған бұйымдар деп жіктеуге болады. 3 - топтың суреттері: Балалар ойыншықтары, тұрмыстағы техника деп; 4 - топтың суреттерін: Табиғат, қыздардың әшекей бұйымдары деп жіктеуге болады.
Мұғалімдер суреттерді жіктеп, плакатқа желімдейді. Неге осылай жіктегендерін түсіндіреді, оны қорғайды.
Бұл жердегі қолданылған тәсіл:
Визуальдандыру дағдыларды пайдаланып СТО - ды дамыту
6). Сергіту сәті «Бақытты болудың сырлары» слайд
7). «Джиг - Со» әдісін қалай өткіземіз?
Үш топқа мәтін беріледі.
1 - топ - «Мұз астындағы ұйқы»
2 - топ - «Су жинағыш бақалар»
3 - топ « Қызметші құс»
(Бұл мәтіндер бастауыш сыныптың мұғалімдеріне арналған «Диктанттар жинағы» деген кітаптан алынған.)
Мәтінді түсінгендерін сұрау
1 - Топтан - «Қызметші құс» туралы сұрау
2 - Топтан – «Мұз астындағы ұяқы» туралы сұрау
3 - Топтан - «Су жинағыш бақалар» туралы сұрау
Осылай құрылған топтарда жұмыс істеуде:
Біріншіден: Оқушылардың ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ дағдысы дамиды.
Екіншіден: Топтық қарым - қатынас дағдысы дамиды.
Үшіншіден: Проблемаларды шешу дағдысы дамиды.
8) СТО - ның ашық және жабық сұрақтар стратегиясын қолдану жайлы ой - бөлісу. Топтар өздеріне берілген суреттер бойынша бір - біріне ашық және жабық сұрақтар қояды.
9). Сабақтардың фрагменттерін көрсету
Қыркүйек айында мен Курстың бағдарламасы бойынша мектепте практикадан өттім. Сонда ол өзімен жұмыс істеу үшін шығармашылық топ құрып, оларды жаңаша әдіс - тәсілдерге үйреткен едім.
Мұғалімдердің сол кезде өткізген сабақтарынан көріністер көрсету. Әр сабақтың фрагментіне комментарий жасау.
Топта жұмыс істеу үлгілері:
Мысалы: 1. «Аквариум» әдісі – Үй тап. сұраудың тиімді тұстары - Баятаева Г. С сабағынан фрагмент
2. Соңғы өнім - нәтиже қандай болды?-
Сарбекова А. Р. сабағынан фрагмент
Аманкулова К. С сабағынан фрагмент
Баятаева Г. С - "Болжам ағашы"

3. «Кластер»- стратегиясы - Калышева Р. Ә сабағынан фрагмент
10). «Оқушы үні» 11, 8 - сыныптардан алынған интервью
Сабақ соңындағы оқушылардың пікірін білу туралы 2004 жылы Джин Раддок бастаған Кембридж университетінің зерттеушілері бастап жасаған жоба. Олар оқушылардың оқу мен оқыту үдерісіне қатысты ой - пікірлеріне назар аударады, яғни оның мақсаты оқушылардың оқу мен оқыту үдерісіне қатысты пікірлерін ұғыну.
Бейнероликтен оқушылардан алынған интервьюді көрсету.
ІІІ. Коучингтің қорытынды кезеңі:
Мұғалімдердің пікірін білу.
Сөйлемді жалғастырыңыз.
• Маған коучингте ұнағаны............
• Бүгін әріптестермен.......... жайлы ой - бөлістік
• Мен бүгін................................... екенін түсіндім
• Маған..................................... түсіну қиын болды.
• Мен..................................... жайлы толығырақ білгім келеді.

Мұғалімдер пікірлерін стикерге де жазып қалдырады.
- Қатысқандарыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама