Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жаңбыр. Б. Майлин.
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаңбыр. Б. Майлин.
Бұлбұлдың әні М. Төрежанов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
1. Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру
2. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
3. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Көктем жауын - шашынсыз болмас,
Жауын - шашынсыз болмаса,
Жасынсыз болмас.
Жаңбыр. Б. Майлин. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама