Жақсы ұйқы хикаялары: таңғы 9-ға дейін ұйықтап қалай миллион табуға болады?
Табысты адамдардың барлығы таң қылаң бере тұрған емес. Кеш тұрып та қолға алған ісіңізде табысқа жетуге болады.
Былайғыша біздің көз алдымызға, үлгеру үшін таң азанымен тұру қажеттігі, сондай-ақ, қарапайым жандардан жұмыс күндерін бірнеше сағат ерте бастайтын адамдардың жетістікке толы әсерлі оқиғалары жөніндегі дана кеңестер келеді.
Алайда миллионерлер арасында да үкілер бар және олар кеш тұру мен табысты бизнесті қалай үйлестіргендерін айтуға дайын.
Өзіңізді тыңдаңыз
Арнайы уақытта тұруға қарағанда, ұйқының қанғандығы маңыздырақ. Егер сіздің жұмыс өнімділігіңіздің арту сәті кешке қарай болса, онда барлық маңызды шаруаларды кешке қалдыруға жоспарлаңыз және беріле жұмыс істеңіз.
Алғаш компаниямды құрған шақтарда мен таңғы сағат 5-те, кейде тіпті 4-де тұруға өзімді зорға итермелейтінмін. Осындай кестеде өткен жарты жылдық өмірімнен осынша ерте тұру маған тек кесірін тигізетіндігін ұқтым. Ал, 8-9 сағат ұйықтай алатын сәттерімде мен, екі есе жақсы жұмыс істеймін.
Таңғы 9-ға дейін ұйықтайтын миллионер Брайан Клэйтон (Bryan Clayton), GreenPal компаниясының бас директоры
Ұйқыдан тұра салысымен, жұмысты бастаңыз
CelebriDucks мен Cocoa Canard компаниясының президенті және мультимиллионер Крейг Вольф (Craig Wolfe) өз жұмысының жемісті болу құпиясымен былайша бөліседі: «Әдетте мен таңғы 8:15 пен 9 аралығында оянамын, алайда өндіріс орынымның өзге уақыт аймағында орналасқандықтан менің кешке дейін жұмыс істеуіме тура келеді. Барлығына үлгеру үшін, өзіңіз толықтай хабарда және тиімді шақтармен қатар әрбір іске арнайы уақыт бөле алған кезде, уақытты нақты анықтау қажет. Күнұзақ менің қай уақытта қоңырауға жауап беретін, ұсыныстармен жұмыс жасайтын немесе жарнамамен айналысатын арнайы уақыттарым болады. Ең маңыздысы уақытты жоспарлай білу және сол жоспардан ауытқымау керек».
Жұмыс уақытын сауатты бөліңіз
Қаншада тұратыныңыз маңызды емес. Маңыздысы, сіздің кестеңіздің дұрыс болғандығы.
Мен әрбір жұмыс күнімді ертеңгі күнді жоспарлаумен аяқтаймын. Себебі, таң атысымен мен ойымды жинақтауға және жұмыс тізімін құруға уақытымды шығындай алмаймын.
Kauzbots ойыншық өндіріс компаниясының басшысы және миллиондардың иегері Наташа Нельсон (Natasha Nelson) таңғы 8-9-ға дейін ұйықтайды.
Жұмыс уақытының сауатты жоспарлануы оның басымдығын арттырады. Өз кестеңізді құрарда, ең негізгіде компанияңызға көп мөлшерде кіріс кіргізерлік жұмыстармен айналысатындай етіп құруға тырысыңыз.
Тұрақты жүйені қалыптастырыңыз
Кәсіпорынның табысқа жетуі көп нәрсеге, атап айтқанда әртүрлі жүйенің үзіліссіз және өте жақсы ұйымдастырылуына байланысты болып келеді. Осыларды сіз қаншалықты жақсы игерген болсаңыз, қайтымы да соншалықты жоғары болмақ, сондай-ақ сіздің қатысуыңыздың қажеттілігі төмендей түседі.
Ұтымды жүйе мен мықты команда тыныш ұйықтауға жағдай жасайды. Тіпті сіз ұйықтап қалған кездің өзінде де жұмыс өз жалғасын табады.
Decisive Minds компаниясының бизнес кеңесшісі, миллионер Мишель Сизм (Michele Scism) таңғы 8-9 аралығында оянады
Өзіңізге уақыт табыңыз
Араласқан кестемен өмір сүргенде, жұмыс пен жеке өмірді үйлестіру оңайға соқпайды. Бірақ, жетістік – бұл тек жұмыс емес. Мәселен, спортпен шұғылдану тек денсаулыққа пайдалы. Олар сонымен қатар ойды ретке келтіріп және жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кеш тұру сізді, түскі үзіліс кезіндегі тамақтанудан немесе кофе-брейк пен әлеуметтік іс-шаралардан және жақындармен араласудан айыра алмайды. Жетістікке жету өмірде ең маңызды салалардың гармониялық үйлесімінсіз мүмкін емес.
Табысты болу үшін, ерте тұру міндетті емес. Әлдеқайда бәрінен маңыздысы қай уақытқа сәйкес келмесін, ұйқының қанып тұрғандығы қажет.