- 28 сәу. 2017 00:00
- 249
Тұрғыны жоқ қала
Кангбаши – әлемдегі ең үлкен елес қала.
Көшелер мен алаңдарда тірі пенде жоқ, қаңырап қалған кеңселер және сауда орындары.
Көпқабатты үйлер қоныстануға асықпайтын тұрғындарын күтуде.
Бағдаршамдарда «жасыл» мен «қызыл» ауысып жұмыс істейді, бірақ қиылыстан өтер ешкім жоқ.
Ешбір жаяу жүргінші жаяулар өткелін күткен жоқ.
Кейде, өте сирек, бірен-саран жаяу жүргіншілер байқалады. Талапқа сай олар сарғыш киім киеді және маңайды тазартумен айналысады.
Қалалық кітапхана ғимараты және жергілікті тарих мұражайы. Есіктері жабық, алайда мөлдір шыныдан ішінде келушілерге арнап барлығы жабдықталғандығы көрінеді.
Сонымен алпауыт қалаға не болған, неліктен мұнда ешкім тұрмайды?
Кангбаши – Қытай мен ішкі Моңғолияның Ордос қалалық ауданына кіретін автономиялық аудан. Көмір сатудан ерекше байлыққа кенелген жергілікті билік, тұрғындар мен инвестиция тарту мақсатында мүлде жаңа қала тұрғызбаққа шешім қабылдайды. Кангбаши қаласының ауданы – 350 шаршы километрді құрайды.
Тамаша шыққан жоба. Тек тұрғылықты мекенжайларды салумен шектелмей, бірден бүткіл инфраструктураны қамтитын дүкендерді қоса есептегенде, кеңселер мен саябақтар да тұрғызылған. Моңғолдың ұлттық стиліндегі саябақты «күшті жылқы», «әділетті хан», «төзімді түйе» бейнелеріндегі ескерткіштер әрлей түседі.
Саябақтың басқа жағында орналасқан дәл осындай ескерткіштер алтынды түсте жасалған.
Ешбір жан теппейтін көше велосипедтері. Ал, қараңыз! Біреуі де ұрланбаған. Бұл жерде арнайы күзет болмағанымен, қалаға кіру еркін.
Қаланы екі жаққа бөліп тұрған өзен және алпауыт Будда.
«Мұнда опат болған адамдар жөнінде кино түсіруге болады» - деп, жазады фотограф, әрі саяхатшы Александр Беленьский.
Бірақ, бәрінен бұрын таңқалдырарлық жайт: мұнда жылы! Толық тұрғызылмаған пәтерлерде ЖЫЛЫ БАТАРЕЯЛАР бар.
Қайткенмен бұл қалада отыз мыңға жуықтайтын адамдар тұрады. Қала миллионға шақталған. Өзге аймақтарында ешбір жан болмағанымен көңілдірек.