- 26 ақп. 2022 00:00
- 235
Жастар "Садағы"
Садақ - сұқ жебесін оқырман жүрегіне дөп қадаған басылым. Қауызын жарып шыққан қызғалдақтай өзінше әрлі еді. Жас өрен үшін нәр беретін. Қызық, ә? Қос қолдап емес, ақыл оңдап журнал жолының болуы. Келешек келімсекке қалам ұста, оқы-тоқы бұл сендік журнал деуі сөз-ақ. Игіден үйреніп, иттен жиренуді үлгі қылатындар азшылықты құрайтын. Ал тәлімгер жанын ұғатын шын дос пейіл кемде-кем. Садақ сол жағынан озық.
Кезінде Бейімбеттің биігін құшу жазбаса да, Жиенғалидің сын ұстарасынан өту бақыты бұйырған. Еріккенге ермек деп елде жоқ дүниені жазатындар есік сыртын жағалайтын. Авторлар ұшталатын. Кейіннен шыңдалатын. Заңғарға жетпес бұрын запыранға төтеп беретін. Ендігі кезекте мақсат-мүдделеріне ден қойсақ. Сыр атаулы бетте ме, әлде түпте ме? Әлбетте, тереңде. Ғалия медресесінің шәкірттерін ұлттық автономия жасауда жасампаздық танытуға шақырды. Оны зерттеушілер тарапынан сөккендері де бар. Алайда, біз айып тақпаймыз. Ол үшін ешкім де емеспіз. Кеңестік кезеңнің лажсыз әрекеті деп білеміз. Одан тыс ұстаздың ұлық болмысына болысатын кеңестер те көптеп жария етілді. Тәлім беруші қуатын тек балауса жанға арнаса кеміс. Бүтіл халыққа жолдаса нұр.
Сонда да мінсіздік міні бар тіршілікке жараспаса керек-ті. Садақтың осал тұсы - идеялық тұрақсыздығы. Күнделікті өзгерісті оң, теріс демей түгел жаңалыққа балауы әбестік. Кінәраттан гөрі таным таяздығына саяды. Иә, жас «Садақ» ол үшін тым жас. Қажетін жұмсап, керексізін ысырармыз. Өздік таңбасы он бес жебемен айшықталған журнал!
Ағыбаева Аружан Оразқызы