Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шоқан Уалиханов

30 жыл өмір сүрсе де, мәңгілік жүректен кетпейтін Шоқан.

Шығыстың алпауыты, Сарыкөлдің Құсмұрынында дүние есігін ашқан ағартушы, шығыстанушы, тарихшы және публицист — Шоқан Уалиханов атамызды білмейтін қазақ, сірә, жоқ шығар. Шоқанның шын есімі (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уалиханов. Өз замандастарынан ақылдылығының арқасында әр қашан бір қадам алда жүрді.

Шоқанның журналистикаға көзқарасын қалыптастырғанның біреуі осы “Современниктің” Н. Г. Чернышевский өзіндік мол әсер етті. Бұл журналды Шоқан кадет корпусында достарымен үзбей оқып, кейіннен өзі жаздырып алатын болған. Және Н. М. Ядринцевтің айтуынша Шоқан атамыз “таңдаулы журналдарды”үзбей оқып отырған. Ерекше талант иесі, дарынды, ғылымға деген құмарлығы мен халқына деген сүйіспеншілігін мойындамау мүмкін емес. Кадет корпусында оқып жүргенде, Шоқанның білімге деген құштарлығын оқытушылары байқаған сәттен, қосымша кітаптарды беріп, “бұлақ көрсең көзін аш” демекші керек кітаптарын жеткізіп отырған. 1847-1853 жылдары Шоқан Уалиханов кадет корпусында оқып жүргенде, оқытушылары Костылецкий, Гансевский секілді адамдар болған.

Бұл кездегі ең таңдаулы журналдар А. И. Герциннің шетелде шығарып тұрған “Колоколы, ”Н. Г. Чернышевский және Н. А. Добролюбов тұсындағы “Современник”( 1857-1868) болатын. Тағы айтып кетерлік Шоқан атамыз журналистика саласының қоғамдағы-саяси маңызын, ролін жоғары бағалады. Н. Г. Чернышевский “Шаруалар мәселесін шешу үшін қажетті материалдар” атты мақаласында реформаға әзірлік жүргізетін комитеттер біріңғай дворяндардан құрылғаны әділеттілік емес деп, комитеттің құрамында шаруалардың өкілі болуын талап еткен болатын. Кейңннее  Шоқан атамызда Н. Г. Чернышевский секілді қалың публицикалық мақалаларында халық бұқарасының мүддесңн қорғаған болатын, Шоқан әділеттілік жолында күресті.

Шоқанның “Абылай”, “Қырғыздар туралы”, “Жоңғар очертері” сияқты мақаласы 1861 жылы Шоқанның көзі тірі кезде жарық көрді. Журналистика саласына шындап кіріскен Шоқан А. Н. Майковқа 1862 жылы хат жолдайды. Жолдаған хатында былай деп жазады: “Санкт-Петербургские ведомостидің” Орта Азия мен қазақ даласындағы істер жөніндегі тілшісі болғым келеді деп баяндайды.

Шоқан саяхатқа шыққан кезінде көргендері мен білгендерін талғамсыз дәптер бетіне түсіре бермейді. Ең алдымен ой елегінен өткізіп, фактілерді сыншыл реалистік тұрғыдан баяндап, ойын қортып отыратын болған.

Шоқан еңбектерінің бәрін орыс тілінде жазса да, ол “қазақтың баласы. ”Қазақ үшін, жер үшін әділеттілікті талап етті. Мейлі, орыс тілінде жазса да, балалық шағында қазақтың ертегілерін тыңдап, ауылда мектепке барған, қазақ тілімен сусындаған қазақтың баласы.

Сөйтіп, Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақтың көрнекті-ғалымы, қазақтың публистикалық негізін салушылардың бірі болды.

Жаманбай Маржан Әділбекқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама