Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Жасушаның ашылу тарихы
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы.
Сабақтың мақсаты: 1. Жасуша жайлы түсінік беру, жасушаның маңызын түсіндіру.
2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау
Сабақтың барысы:
1. ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.
§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, органикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590 - 1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайым ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылар көпжасушалы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

Микроскоптың құрылысы
Микроскоп (грекше: «микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100 - ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал (1 - сурет).
Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз) кигізілген. Төменгі жағына бірнеше линзасы бар объектив (латынша: «объектум» – зат) орналасқан. Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады. Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі. Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.
Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір - біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15´, ал объективте 40ґ болса, 15ґ40 = 600 есе үлкейтеді.

Микропрепарат дайындау
скопқа қажетті құрал - жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1 - 2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препарат жасауға аршылған пияз аламыз (2 - сурет). Оның шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа мөлдір қабықшасын сылып аламыз. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір - біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама