Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жемістер - фрукты - fruits
Жемістер - фрукты - fruits
Мақсаты:
Білімділік: «Жемістер» тақырыбына байланысты білімдерін кеңейту, оларды дұрыс атай және ажырата алуға үйрету. Осы тақырып бойынша алған білімдерін сараптау. Жеміс - жидектердің адам денсаулығына пайдасы жөнінде түсіндіру. Олардың құрамы дәруменге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпауға жолын көрсету. Шет еліне деген қызығушылықтарын оята отырып, ағылшын тілінде жаңа өлең, жаңа сөздер үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қисынды ойлау қабілетін арттырып, дамыту. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жемістердің пайдалы екенін айту. Оларды жуып жеу керектігін айтып түсіндіру. Ұйымшылдыққа, бір - бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, талдау - жинақтау әдісі.
Түрі: Ойын сабақ
Көрнекілігі: СД – диск, тақырыпқа байланысты суреттер, жемістердің қиылған түрлері, себет, қоржын, мультимедиа, терек, қоржын
Билингвальді компонент: Жемістер - фрукты - fruits. Жүзім - виноград - grapes. Банан - банан - banana. Алма - яблоко - apple. Алмұрт - груша - pear. Апельсин - апельсин - orange

Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен шаттық шеңберін өткізіп, қал жағдайларын сұрау.
Good afternoon!
Good afternoon to you!
I am glad to see you!
Embrace to each other!
Smile to each other!
How are you?- Fine!
Sit down pleаse!
T: - What season is it now?
CH:- It is autumn.
T: - Who will tell poem about autumn? Balera please!
Balera: Spring is green
Summer is bright
Autumn is yellow
Winter is white.
T: - Well done!
Ал, балалар назарымызды мына суретке аударайық! Бұл не? (слайд1)
Listen to me.
Now let’s play!
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
Жемістер - фрукты - fruits
Can you tell me what it is?
Do you like fruits?
Балалар жемістер қайда өседі?
Ал бұл ағаштарды қайда өсіреміз?
Б: бау - бақшада
Бүгін балалар осы жемістердің бірнешеуіне тоқталып, ағылшын тілінде жаңа сөздер жаттап, сөздік қорымызды байытайық.
Қанекей экранға назар аударайық.
Іші толған шәрбәт
Дәмі сондай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - жүзім. (Слайд)
Жүзім - виноград - grapes
Банан қабығы минералдарға өте бай. Қабығы тісті ағартуға, теріге маска ретінде жағуға, бананның қабығының құрамындағы түрлі табиғи майлар мен ферменттер күннен күюден, жараны тез жазатын қасиетке ие және тіпті, өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. (Слайд)
Банан - банан - banana
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты.
(Алма) (Слайд)
Алма - яблоко - apple
Алмұрт - иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс.(Слайд)
Алмұрт - груша - pear
Апельсин - цитрус тұқымына жататын жеміс. (Слайд)
Апельсин - апельсин - orange

Қызықты сәт
Есік қағылды. Бұл кім болды екен? Көрейік!
Бүгін қонақта балабақшамыздың медбикесі Фарида Сатқанқызы екен.
Слайдтағы сурет бойынша әңгімелеу.
Асан мен Үсен алма жегілері келгені соншама бақшаға барып алма теріп әкелді. Асан алманы жумастан жеп жатыр, ал Үсен болса алманы жуып жеп жатыр.
Осы жерде Асан мен Үсеннің қайсысының әрекеті дұрыс?
Егер алманы жумай жесеңдер мына суреттегідей микробтар және түрлі құрттар ішкі ағзаға еніп түрлі ауру тудыруы мүмкін еді. Сондықтан жеміс - жидектермен көкөністерді әрдайым жуып жеу керек. Жемістерді біз күнделікті жейміз және онда көптеген дәрумендер бар. Оларда көбінесе А, В, С, Д, Е деген дәрумендер кездеседі. Тұмау және суық тию ауруларына қарсы тұру үшін осы жемістерді көбірек жеуіміз керек.
Дәрумен - витамин - vitamin (Слайд)
Медбике: Ой, жарайсыңдар балалар! Мына қоржынымды сендерге тастап кетейін! Good – bye children!
Б: Good – bye children!
Бұның ішінде не бар екен балалар? Ммм қанекей көзімізді жұмып, иіскеп көріңдерші.(Педагог қоржынды алып балаларға жақындатып шығады.)
Қалай иіс шыға ма? Қандай иісті сездіңдер?
Б: тәтті, қышқылдау.
Бұл не?
Б: Жемістер!
П: Дұрыс айтасыздар! Қанекей шығарып көрейік, бір жағынан қайталайық! Жемістердің атауларын үш тілде қайталау. Санау.
Ал жемістерден не жасауға болады балалар? (Слайд)
Now let’s play!
Б: Yes!

Дидактикалық ойын «Не артық?»
Мақсаты: Слайд бойынша суреттегі артық затты табу. Жемістерді көкөністерден ажырата білу. Атай алу.
Қимылды ойын «Жемістер - менің досым»,«Fruits - my friend»
Мақсаты: Әуен ырғағымен жемістерді ағылшын тілінде атауларын ести отырып, іс - қимыл көрсете отырып, балалардың түсініктерін анықтау.

Fruits my friend
Fruits my, Fruits my friend,
All bananas playing in the bright warm sun
I like apples,
I like grapes,
and I like peas.
Pickled oranges.
That is all the fruits.

«Венн» диаграммасы. Слайд
Банан мен сары алманы салыстыру. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Түстері бірдей, іштері ақ, қабықтарының пайдасы мол. Екеуі де дәруменге бай бірақ, пішіндері әр түрлі
Пиктограмма. Слайд
I like a apple.
I like an orange.
I like a pear.
I like a lemon.
I like grapes.
I like fruits.

Қорытындылау. Мадақтау.

Атырау қаласы
№25 «Еркемай» балабақшасы
Ағылшын тілі маманы
Ақмырза Асел Маратқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама