- 05 нау. 2024 04:37
- 309
Жемістер мен көкөністер
Оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкеністер туралы түсінік беру.
Міндеті: 1. Жемістер мен көкеніс
тер туралы түсінік беру.
2. Жемістердің пайдасы туралы түсінік беру.
3. Баубақша сыйымен таныстыру
Тәрбиеші: Сыздыкова Гүлнар Канашовна
№15 балабақша, Павлодар қаласы
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкеністер туралы түсінік беру.
Міндеті: 1. Жемістер мен көкеніс
тер туралы түсінік беру.
2. Жемістердің пайдасы туралы түсінік беру.
3. Баубақша сыйымен таныстыру
Атауы | Ортаңғы |
Құралдар | Суреттер |
Билингвальді Компонент | Жемістер - овощи |
Әдістері | Көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын |
Кіріспе | Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын! Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл - қозғалыс жасайды. |
Негізгі бөлім | «Сиқырлы қорапша» ойыны. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар? - Жоқ, балалар, ол - ағашта өседі. Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен. Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз. Енді соны табыңдар. - Иә, таптың, ол - алма. - Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? - Жоқ, бұл затты жеуге болады. - Жарайсың, таптың, ол - көкөніс. Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар. - Иә, дұрыс айтасың, ол - қызанақ. - Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер? - Жемістер мен көкөністер - адам ағзасына өте пайдалы. Жемістер бақта, ағаштарда өседі, жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі. Балаларды екі орталыққа бөліп, екінші таңғы асқа дайындық жасау керек екенін айтады. Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің, екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі, иісі, түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды. Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп, қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды. Бірінші орталықтағы балаларға туралған жеміс түрлерінен, екінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасауды тапсырады. Сергіту сәті. Саусақ ойынын ойнату. Жаңбыр жауса тырс - тырс, Айтады гүл: - Дұрыс, дұрыс! Жаңбыр жауса тырс - тырс, Айтады гүл: - Ырыс, ырыс! Тәрбиеші балалардың орындарын ауыстырады. Д/о: «Иісінен тап!»ойыны. Ойын шарты: балалар көздерін жұмып, иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек. |
Қорытынды | Сұрақ жауап арқылы қорытындылау. |
Тәрбиеші: Сыздыкова Гүлнар Канашовна
№15 балабақша, Павлодар қаласы