Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жер беті элементтердің планда бейнеленуі
Сабақ тақырыбы: «Жер беті элементтердің планда бейнеленуі»
Жалпы мақсаттар:
- Жер беті элементтерімен танысу.
- Олардың планда бейнеленуін талдау.
Түйінді идеялар: оқушылар іс - әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Оқыту нәтижелері: Жер беті элементтердің планда бейнеленуі туралы білді. Планның пайдасы мен зиянды жақтарын анықтап, өмірде дұрыс пайдалану. Өз пікірлерін ашық айтуға үйренді.
Көрнекіліктер: Суреттер, слайд – таныстырылым.
Дереккөздер: Оқулық, дерекнама, сайт
Сабақ барысы:
1 - кезең: Қызығушылықты ояту: 10 мин
- үй тапсырмасын тексеру;
- ұйымдастыру
- қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырады
2 - кезең: Мағынаны ажырату: 25мин
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады.
3 - кезең: Ой - толғаныс: 10мин
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
синтез, бір - бірімен ой бөліседі.
сабақ қорытындысы.
4 - кезең: Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)
I. Амандасады. Мұғалім оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады. «Ыстық алақан» арқылы жақсы көңіл - күй сыйлау, сергіту сәтін ұйымдастырады.
Оқушылар әртүрлі төрт топтарға бөлінеді. Жер, білім туралы мақал - мәтел арқылы топтарға бөледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа әр түрлі парақтар таратылып географиялық диктант, горизонталь сызбаларын сызу ұсынылады. «Азимут арқылы масштаб бойынша және шартты белгілерді пайдалана отырып жол табу»
III. «Болжау» стратегиясы (АКТ). Жаңа тақырыпты анықтау үшін интербелсенді тақтадан слайдтар ұсынады. Сабақтың мақсаты айқындалып, тақырып анықталады.
- Оқушылар суреттерді көре отырып жаңа сабақтың мақсатын анықтайды.
Оқушылар мақсатты айқындағаннан кейін, тақырыпты бірге құруға өз ойларын айтады.
Оқушылар мақсат қоя білуге, сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.
IV. Сергіту сәті. «Қаңқа» биі
V. Жаңа сабақ бойынша әр топқа тапсырмалар мен плакаттар бөлініп беріледі:
Тақырып: «Жер беті элементтердің планда бейнеленуі». Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
1Семантикалық карта толтыру.
2«Инсерт» кестесін толтыру.
3«Еркін жазу»стратегиясы бойынша әңгіме жазу.
4«Синквейн» стратегиясы бойынша 5 жол өлең құрастыру.
VI. Сұрақ жауап әдісі: Әр топқа план беріледі.
План бойынша әр топ сұрақ жазып, келесі топқа жібереді. Келесі топ оған жауап және сұрақ жазып келесі топқа жібереді. Плакаттарымен алмасып шығады. Әр топ өз плакаттарындағы ең ұнаған сұрақпен, жауапты атайды. От шашу арқылы бағалайды.
VII. Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы): 9 - тақырыпты оқу, мазмұндау,
«Түсіндірме күнделік» жазуға, өз ауласының планын түсіру.
VIII. Рефлексия: «Смайлик» әдісі. Оқушылар «Смайлик» әдісімен сабаққа баға береді. Шығу парағын толтырып ілу.
1. Ұйымдастыру «Ыстық алақан» Бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. Жер, білім туралы мақал - мәтел арқылы топтарға бөледі.
3. Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа әр түрлі парақтар таратылып географиялық диктант, горизонталь сызбаларын сызу ұсынылады.
4. Сергіту сәті. «Қаңқа» биі
5. Сұрақ жауап. Әр топқа план беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама