Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жер бетінде 750 млн білімсіз бар

Жер шарының 758 млн ересек тұрғыны әлі күнге білімге мұқтаж күйде қалуда. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның жылсайынғы баяндамасында айтылған.

Бүгінгі күнде мектеп жасына жетпеген 61 млн бүлдіршіннің орта білім алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ Жер шарының 758 млн ересек тұрғыны білімсіз, тіпті, әріп танымайды. Олардың көбі – әйелдер.

Әлем бойынша мектеп табалдырығын аттамаған балалардың саны 263 млн-нан асып жығылады. Олардың басым бөлігі ең кедей елдерде, соғыс жиі орын алатын аймақтарда тұрады.

Осы үрдіске байланысты 2030 жылға қарай жер шарының әрбір тұрғынын тым болмағанда бастауыш біліммен қамтамасыз ету әлемдік мақсаты өз уақытында орындалмай қалуы мүмкін, деп алаңдайды ЮНЕСКО ғалымдары. Олардың болжауынша, көздеген мақсатқа тек 2042 жылы қол жеткізуге болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама