- 30 қар. 2021 00:00
- 350
Жетім сөзіне қатысты мақал-мәтелдер
Әкесіз жетім — жарты жетім,
Шешесіз жетім — анық жетім.
*** *** *** ***
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
*** *** *** ***
Жетім қозы тез отығар,
Жетім бала тез жетілер.
*** *** *** ***
Жетім жылап күн кешеді, лақ маңырап су ішеді.
*** *** *** ***
Жетімге жеті бидай да тамақ.
*** *** *** ***
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — хас жетім.
*** *** *** ***
Жетімнің ризығы - жұрттан.
*** *** *** ***
Жетім көрсең, жебей жүр.
*** *** *** ***
Тоғыз жетім бар:
Өмірда ата-анасы жоқ — бала жетім.
Халқына сенімсіз болса — хан жетім.
Хан ақылсыз болса — халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса — әкім жетім.
Суы жоқ — құдық жетім.
Ұлы жоқ — әке жетім.
Қызы жетесіз болса — ана жетім.
Досы жоқ — жігіт жетім.
Шәкіртсіз — ұстаз жетім.