Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жетістіктің қарапайым жолдары

Табысты, жетістікті болудың алғашқы қадамы жалқаулықтан құтылу және өз өмірімізге өзіміз жауапкер екендігімізді ұғыну. Табысты адамдар айналадағы болымсыз әсерлерді асып өтіп, жүріс-тұрысында өзі сенім артқан құндылықтарды орындайтын адам деуге болады. Жаңбыр жауып, дауыл болуы немесе күннің ашық болуы оларға сөз емес. Өйткені олардың өз ұстанымдары бар. Осындай ұстанымдары бар және кәсіби тұрғыда табысты болуға жөн сілтеген іскерлердің ортақ кеңестерін былайша тізбектеуге болады:

Үнемі күлімдеп жүріңіз! Өйткені адамдар ашық жүзді, жайдары адамдармен жұмыс істегенді жөн санайды.

Тазалыққа мән беріңіз! Шаштың таралуы, киімнің үтіктелуі, киімнен тер иісі шықпауы секілді жәйттарға немқұрайлы қарамаңыз.

Жұмысыңызға уақытылы келіңіз және жұмысыңызды барынша ұқыпты, өнімді және уақытылы орындаңыз.

Бүкіл жиналыстар мен кездесулерге уақытылы келуге мән беріңіз.

Әріптестеріңізден тәжірибе алмасыңыз! Қай мәселені қалай атқарып жатқандығын білу арқылы маңызды, оңтайлы шешімдерді таба аласыз.

Ой-өрісіңізді кеңейтіңіз. Өз салаңызға қатысты семинарларға қатысыңыз, біліктілігіңізді арттырыңыз. Өзіңізді жетілдіріңіз, технологиялардан хабарыңыз болсын, жаңалықтарға ашық болыңыз.

Көркем мінезді болыңыз! Қандай адам болмасын, ешкіммен ұрыспауға, салғыласпауға тырысыңыз!

Адал болыңыз. Іс-әрекетте, жұмыс барысында, қарым-қатынаста адал, сенімді болыңыз. Сенімнен шыққан жағдайда қайта қалпына келтіру өте қиын.

Жұмыстар дұрыс жүрмеген жағдайда немесе қателікке жол берілген кезде ертерек жоғары лауазымдағы өкілге хабар беріңіз. Ертерек шара қолдану мәселенің одан әрі шиеленісуінің алдын алады, бәлкім бұл қателіктен ұтымды шығуға септігін тигізеді.

Коуч Данияр Құлшығашев


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама