Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жетісу өңірінде жабайы жануарлар саны артты

Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлардың саны жылдан-жылға артып келеді. Парк қызметкерлерінің соңғы есебі бойынша, мұндағы құландардың саны 3,5 мыңнан асса, жайрандардың саны 6 мыңнан асып жығылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық парк аумағында жануарларды санау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Ол үшін 14 арнайы автокөлік және атты маршруттар белгіленген. Сонымен қатар, фототұзақтар арқылы сирек кездесетін тауешкілер мен арқарлардың популяциясы да бақылауда ұсталады. GPS-навигаторлардың көмегімен қар барысының мекендейтін аймақтары да назарда болады. Алты жыл бұрын алғаш рет фототұзаққа түскен бұл сирек жыртқыштың саны қазір парк аумағында 20-ға жетті.

Жануарлар санының өсу себептері

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Қуат Байтурбаевтың айтуынша, жабайы жануарларды санаудың негізгі мақсаты – олардың жылдық өсімін анықтап, қоректік базаның әлеуетін бағалау болып табылады. Парктің аумағы 307,5 мың гектардан асады, сондай-ақ 240 000 гектарлық Үстіңгі Көксу қорығы да оларға бекітілген. Қолайлы мекендеу жағдайларының арқасында барлық жануарлар популяциясының тұрақты өсімі байқалады.

Жаңалықтар

Жарнама