Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жей бергім келеді, жей бергім келеді...

Ас адамның арқауы деген мәтел бар халқымызда. Бірақ бүгін адамнан ба, әлде заманнан ба әйтеуір бәрі  тез тағам яғни фастфудты шеңгелдеп асауға көшті. Иә, бұл рас. Атасынан қалған астай құмартқандардың құмарын қандырайық деп әлемнің әр түкпіріндегі жеңіл ас дайындайтын орталықтар жанталасып әлек. Иә фастфуд зиян. Жеуге болмайды деп қақсағалы қашан. Бірақ тыңдайтын құлақ табылса ше...

Бәріміздің көкейде сайрап тұрған бір сұрақ!

Неге осы жеңіл астарды жеген сайын жеген сайын жиіренбей оған құмарта береміз?

Жауабы оның құрамындағы глутонатта. Кәдімгі есірткі секілді дүние екен. Фастфудқа тойып алған адамының асқазанымен ойнайды бұл. Өйткені, бір сағаттан соң қайтадан  қарыныңыз ашып,санаңызға тағы да жеңіл ас же деген сигнал береді екен. Тағы бір сұмдығы семіздікке ұшыратады.Себебі,жеңіл ас дайындайтындар майды ұзақ уақыт ауыстырмай күні ұзаққа шыжғыра береді.

Хош, ендігі статистикаға көшелік.

Есеп бойынша, жылына Қазақстандықтар фастфуд жеуге 260 млн доллар  жұмсайды екен.

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде демей ме?

Қымыз бастырма үрпек секілді асаухат бұқаралық сипат алу үшін тура фастфуд секілді жер жерде сатылуы керек. Ыңғайлы формулалар, жобалар табу үстінде. Мысалы бұлт жоба фаст фудты ұлттық тағамға алмастыру: Пішіні жарты киіз үй секілді, фастфуд орталығы салынбақ. Ол жерде донер орнына бауырсақ пен бір тілім қазы беріледі. Айран, шалап, қымыз, шұбат таратылады. Фастфудқа балама ретінде  ұлттық тағамды ұсынып отырмыз.Тарихы мыңдаған жылға кететін бабалардың ұлттық асын қайта рационға енгізер болсақ, қазақтың жадындағы бүкіл қуат қайта оянары анық.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама