- 19 қаз. 2021 00:00
- 256
Жездеге құттықтау, тілектер
Қадірлі жезде!
Сізді бүгін алпыстың төрінен, абыройдың бигінен көріп отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл төрге қалай шыққаныңыз, биікке қалай көтерілгеніңіз біздің көз алдымызда, көңілімізде. Сіздің қаншалықты асқақ болған сайын, соншалықты биязы кісілік, кішілілік қасиеттеріңізді ел алдында үнемі үлгі етіп айтып жүреміз, ағайын мақтан етіп келеді.
Адамда үш қуаныш болады деген халықтың даналық сөзі бар. Олар – алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі және ісіңнің өшпеуі екен. Бүгін біз осының бәрін Сіздің өз басыңыздан, отбасыңыздан, ортаңыздан көреміз.
Сіздің төңірегіне нұрын төгетін жарық шамдай ашық та көпшіл, бауырмалдық қасиеттеріңізді біз үнемі сезініп келеміз. Мұны Сізбен жанасқан әрбір жанның сезінбеуі мүмкін емес деп ойлаймын. Нақ осы мінез байлығы, парасат кеңдігі, қабілет құнары Сізді бүгінгі күні туған елдің, өскен ортаның, еңбектес ұжымның, әріптестеріңіздің терең де зор құрметіне бөлеп отыр.
Апайымыз мәртебелі қызметті тыңғылықты атқарумен қатар Сіздің бабыңызды таба білген жайлы мінезі, елгезектігі өз алдына бөлек әңгіме. Сондықтан халқымыз айта берер үш биік: даңқ, дәулет, даналық тоғысқан, ердің жасы алпысқа келіп толысқан шағыңызда шалқар тойыңызға құтты болсын айтамыз, қуанамыз.
Алла тағала осы абыройыңыздан айырмасын, елім, Отаным деп соққан жүрегіңіз қартаймасын. Апайыма екеуіңіз көпке жасаған игі істеріңіздің, балаларға жұмсаған бейнеттеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
Құрметпен, балдызыңыз
*** *** *** ***
Азат, Біләл, Бауыржан тату – тәтті бажалар
Балдыз деген жездесін, әкесіндей бағалар
Қарындасым қызым деп ағасындай аялар
Жақсы болса жезделер жаза берсек табылар
Бізді жазбай кетті кейбіреуі наз қылар
Түсінсеңдер күйеулер, ақылға салып барлығын
Жаман күйеу шу қылар,
Ақылды күйеу анықтап, жоқ нәрсені бар қылар
Тату – тәтті туысқан бәрін ойлап ар қылар.
*** *** *** ***
Біраз болды ауылға бармағалы-ай,
Денсаулығы жездемнің қазір қалай...
Күләш апамның демдеген күрең шайын
Ұрттап ішіп жатыр ма жантайып-ай.
*** *** *** ***