Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жоба әдісінің ағылшын тілін оқытуда балаларды ынталандыруға әсері

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
студенті Реймшаева Жанылай Бисенбаевна

Аннотация:

«Жоба әдісіне» арналған бұл мақала да, оқушылардың мектеп қабырғасында алған және де өзіндік білімін ары қарай дамытуға, оны практикада қолдануы туралы түсіндіріледі.   «Жоба әдісіне» арналған бұл мақала да, оқушылардың мектеп қабырғасында алған және де өзіндік білімін ары қарай дамытуға, оны практикада қолдануы туралы түсіндіріледі.   

Бүгінгі қоғамдағы оқу орындарының оқу-танымдық жұмысқа деген ынтасы ерекше алаңдатарлық мәселелердің бірі болып саналады. Бұл сұрақ оқытудың үздіксіз жаңаруын жүзеге асырудың маңыздылығын көрсетеді. Есеп айырысу тәсілі сияқты оқу әдістемесі де әр түрлі тәсілдерді қажет етеді. Шет тілдерін оқытуда оқушыларды ынталандыруға бағытталатын жоба әдісі – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтырудың, оқыту үдерісін жетілдірудің бірден-бір тиімді жолын анықтау мәселесінің өзектілігін көрсетеді.

Аннотация:

Эта статья, посвященная "методу проекта", также объясняет дальнейшее развитие у учащихся знаний, полученных в стенах школы, применение их на практике.  

Одной из наиболее тревожных проблем в современном обществе является мотивация учебных заведений к учебно-познавательной работе. Этот вопрос подчеркивает важность осуществления непрерывного обновления обучения. Как и метод расчета, методика обучения требует различных подходов. Проектный метод, направленный на стимулирование учащихся в обучении иностранным языкам, отражает актуальность проблемы дополнения содержания и формы педагогической деятельности, определения единого эффективного пути совершенствования процесса обучения.

Annotation:

This article, dedicated to the "project method", also explains the further development of students' knowledge acquired within the walls of the school, their application in practice.  

One of the most disturbing problems in modern society is the motivation of educational institutions for educational and cognitive work. This question highlights the importance of implementing continuous updating of training. Like the calculation method, the teaching method requires different approaches. The project method aimed at stimulating students to learn foreign languages reflects the urgency of the problem of supplementing the content and form of pedagogical activity, determining a single effective way to improve the learning process.

КІРІСПЕ

«Жоба әдісі» дәл қазіргі уақытта оқыту орындары мен оқытушылар арасында аса маңызды тәсіл. Бірақ, өкінішке орай, оқыту орындарында бұл техниканы бірі білсе, бірі білмес.

Мақсаты:

1. Жоба әдісіне жалпылама сипаттама беру.

2. Жоба әдісінің ағылшын тілін оқытуда балаларды ынталандыруға әсері.

Қазіргі кезде білім берудің басты мақсаты – қоғам талабына сай жігерлі, жан-жақты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әр тұлғаның тек мектеп қабырғасында алынған білімімен емес, өз бетінше ізденіп, кез-келген жағдайда өзі қорытынды жасап, өз пікірін айта білуі маңызды.

Жалпы жоба әдісі педагогикада 1920 жылы Америкада пайда болған. Негізін салушылар педагог және американдық философ Дж. Дьюи мен оның шәкірті Уильям Херд Килпатрик. Қазіргі таңда, жоба әдісін оқыту орындарында қолдану кеңінен таралып отыр. Себебі, дамушы елдердің қатарында болғандықтан, мектептердегі оқу бағыты да тұрақсыз және үнемі өзгеріп отыр. Сондықтан, оқушының алынған білімін жан-жақты пайдалана білуі міндет.

Жоба әдісі дегеніміз не?

Жоба әдісі - тұлғаның когнитивтік дағдыларын дамыту, алынған білімін жобалап кез-келген жерде қолдана алуы және сыни көзқарасқа дайын болуы.

У.Х.Килпатриктің ойынша, жоба әдісі арқылы жүргізілетін оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. (1)

Ал, Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етеді. Себебі, оқушының әрекетінде таңдалған тапсырманы аяғына дейін орындауда  толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады. (2)

Қазіргі кезде, шет ел тілін меңгеру мәселені әлемдік көзқараста қарауға, өзге елдің мәдениеті мен тұлғаның даму үшін қолданылатын түрлі әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Жоба әдісін қолдануда тұлғаны өз бетімен даму әрекетіне, зерттеушілік, шығармашылық, ізденушілік, болжамдық әдістерді тиімді қолдануға бағдарлау қажет. Бұл әдістің тиімділігі оқушының жеке қабілетін, ынтасын дамуымен байланысты анықталады, өйткені, жоба әдісі арқылы тапсырманы орындауда оқушылардың шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Сондай-ақ, олардың тілдік қабілет ресурстары, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі.

Шет тілін жоба әдісі арқылы сапалы әрі тиімді оқытудың бірнеше себептері бар:

  • Жоба әдісі - оқыту жүйесінде мүмкіндігі мол технология,оқушының өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі.
  • Өз бетімен шеттіліндебілім алу дағдыларын дамытады.
  • Оқушы өздігінен шешім жасауға үйренеді, ол тілді меңгеру үдерісінде негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады,өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.
  • Оқушы тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады, жоба әдісімен жұмыс жасаудасыныптастарыменынтымақтастықта, бірлікте бола алады.
  • Оқушы жауапкершілікті сезінеді, әрі өзіне деген сенімділігі артады,шығармашылық белсенділігі дамиды.
  • Жоба әдісінде оқушы өзбетінше жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланады.

Қорытындылай келе, Жоба  идеясының нақты өмірмен байланысы, жобаны іске асыруға қызығушылық, мұғалімнің кеңесші-үйлестіруші ретіндегі функциясының жетекші рөлі, оқушылардың жоба әдісін қолдана отырып, өзін-өзі жүзеге асыруы және жауапкершілігі – жоба әдісін қолдана отырып оқытудың басты принциптері. Шет тілі сабағында жоба әдісін қолдана білу - оқытушының жоғары біліктілігінің, оның оқушыларды оқыту мен дамытудың прогрессивті әдістемесінің көрсеткіші.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Килпатрик У.Х. Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе. // Л.: 1925. 217 с.

2. Дьюи Д. Дальтонский лабораторный план. изд.3-е. //М.: Новая Москва, 1925. 320 с.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама