Шет тілінде сөйлеудің лексикалық дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
студенті Наурызбаева Индира Бакбергеновна
Аннотация: Бұл мақалада шет тілін үйренудің орта және үлкен сатыларында сөйлеу қызметінің лексикалық дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері (тыңдау және сөйлеу, оқу және жазу) талқыланады. Лексика тілдік жүйедегі сөйлеу белсенділігінің маңызды құрамдас бөлігін білдіретіндіктен, бұл дағдыны қалыптастыру бірнеше қабілеттер мен әдіс-тәсілдерді талап етеді. Ал, шет тілін оқытуда оқушыларды лексиканы дұрыс түсіне отырып қолдануға үйрету маңызды рөл атқарады.
Негізгі сөздер: коммуникативтік құзырлылық, сөйлеу қызметі, сөйлеу, тыңдау, жазу, лексика, монолог және диалог сөзі, лексика, ауызша тіл.
Лексикалық дағдыларды қалыптастыру – оқытудың маңызды бөліктерінің бірі, ал еркін қарым-қатынас жасай білуді үйрету - шет тілін оқытудың басты мақсаты болып табылады. Мектепте үйретілетін лексикалық бірліктер және олардың саны оқу бағдарламасымен анықталып, бекітіліп отырады. Жалпы, мектептерде тілдік білім берудің ерекшелігі – бұл оқыту кезінде, немесе кез-келген қарым-қатынас барысында оқушылардың мәртебесін арттыруға, тілдерді, мәдениеттерді зерттеуге ынталандыру болып табылады.
Айта өткенімдей, Шет тілін оқытуда лексикалық дағдының алар орны зор. А.Н.Леонтьев айтуы бойынша, сөйлегенде көбіне біз сөз таңдауда, оларды басқа сөздермен байланыстыруды ұғынынамыз. Сөйлеуде лексикалық және грамматикалық дағдыны айырамыз, яғни түрлі механизмдер түрін қолданамыз.
Шет тілін оқытуда жаңа сөздерді оқытуда стратегиялар мен кейбір тактикаларды қолдану – оқушылардың лексикалық дағдыларын арттыруда маңызды рөлдердің бірін атқарады. Өйткені, оқыту үшін алынған сөздер мен сөйлеу мен қарым-қатынас үлгілері – оқушылардың қызығушылықтарын ашады. Сонымен қатар, тілдің функцияларын көрсетуде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп отыруы тиіс. Бұл оқушыларды мұғаліммен, жан-жағында қоршаған адамдармен, отбасымен, достарымен жаңа сөздерді қолдана отырып қарым-қатынас жасауға, әрекеттесуге және байланыс жасауға талпындырады. Және кез-келген енгізілетін немесе оқытылатын лексика , ең алдымен, оқушыларға жаттауға және түсінуге жеңіл болуы тиіс, сонымен қатар, жанындағы басқа сөздермен грамматикалық, семантикалық байланыста болуы тиіс.
Лингвистикалық және методологиялық әдебиеттерге сүйене отырып, лексикалық дағдылардың құрамына жататын негізгі екі компонент бар:
- Сөздің жасалуы және қолданылуы;
- Сөз тіркесінің жасалуы;
Негізінен, сөзді дұрыс қолдану үшін тек лексикалық білім ғана емес, оны қолдана білу қабілеті де қажет. Бұл қабілетті дамыту үшін сөзді тек қолданып қана қоймай, оның қолданылуын және мағынасын түсіне алу қажет. Өйткені, шет тілінде сөйлеудің лексикалық дұрыстығы шет тіліндегі сөздерді дұрыс қолдана білуде болып табылады. Көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша, лексикалық дағдыларды және лексикалық қабілеттерді дамытудың бірнеше кезеңі бар. Соның ішінде, Рогованың тұжырымы бойынша, келесі кезеңдерден тұрады:
• Жаңа сөздермен таныстыру;
• Көпуақыттық жаттығу;
• Игерілген мәліметті шын өмірде қолдана білу;
Жалпы айтқанда, Лексика- кез-келген біл тілдегі сөздердің жиынтығы болып табылады. Осы лексикалық дағдыны оқушылар бойында дамыту үшін, ең алдымен, сөздерді таңдауды, оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдана алу әдістерін үйрету қажет. Соның ішінде, шет тілі сабағында лексикалық дағдыны қалыптастыру үшін ескере кететін бірнеше мәселелер бар. Атап айтқанда:
• Игерілуі тиіс лексикалық ақпараттың мазмұнына;
• Игерілген лексиканың минимумды түрде қолдана білуінде;
• Оқушылардың лексикалық дағдысын қалыптастыру барысында жазылым, тыңдалым, айтылым секілді дағдыларды көбірек қолдануы;
Жалпы білім беретін мектептерде меңгерілетін ағылшын лексикасының көлемі және оқудың нәтижесінде қол жеткізген ағылшын тілін меңгеру деңгейі негізінен оқу процесінің бірден-бір сатысы болып табылады. Өйткені, қалыптастырылған лексикалық дағдылар шын өмірде кездесетін ситуациялық, әлеуметтік және контекстік ережелерді білуді талап етеді десек те болады. Бұл арқылы оқушылар игерілген жаңа сөздерді түсінеді, түсіндіре алады және сөйлеу тәжірибесінде қолдана алады.
Негізінен, жаңа сөздерді үйрену арқылы оқушылардың сөздік қорлары кеңейеді, жаңа сөздер арқылы өз ойларын анық және көркем жеткізе алады. Меңгерген жаңа лексикалық сөздерді шын өмірде кездесетін жағдайларда еш күмәнсіз қолданып, тұжырымдай алады. Ал, шет тілінің сөздік стиліне ауызекі сөйлеу стилі жатады. Яғни, оған күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын жеңіл сөздер жатады. Сондықтан, шет тілін үйретуде оқушылардың сөздік қорын байытуға көп көңіл бөлген жөн.
Қорыта айтқанда, Лексикалық дағды шет тілін үйренудегі ең маңызды аспект десек те болады. Сондықтан да, оқыту процесінде бұл дағдыны дамыта отырып жұмыс жасау маңызды рөл атқарады