Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жоба: «Әжеге қонаққа»
Жоба: «Әжеге қонаққа»
Түрі: (Қысқа мерзімді)

Қатысушылары: “Балапан” 2 сәбилер тобы, тәрбиешілер, ата - аналар.
Мақсаты: Берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу. Білімді, шеберлікті, дағдылануды меңгерту.
Міндеттері: Балаларды ұлттық мәдениетке қатынастыру. Ұлттық сюжетке әуестендіру. Ұлттық мәдениетке қызығушылықтарын білдіруге тәрбиелеу.

Балалардың ойын тәжірибесін байыту. Балалардың өзара байланысты ойын міндеттерін орындалатындай, ойын жағдайларын жасау.
Ересектер және құрдастарымен оң қарым қатынаста машықтануына тәрбиелеу. Балалардың жас шамасына қарай сюжеттік – рөлдік ойындар элементтерімен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту.

Өзектілігі: Баланың жеке сапасы әрқайсы кезеңде жетекші болып табылатын қоршаған адамдармен өзара қарым қатынас ерекшелігін, оның қызығушылығын белгілейді, белсенділік әрекетшілдігін қалыптастырады. Мектепке дейінгі жаста мұндай жетекші әрекетшілдік ойын болып табылады. Ойын арқылы бала ересектер өміріне кіреді, рухани құндылығын меңгереді, әлеуметтік тәжірибе жинайды. Бала ойыннан алғашқы ұжымдық ойлау сабағын алады деп түсінуге болады
Жоба кезеңдері:

I. Даярлық кезеңі:
Әңгімелесу.
Суреттерді қарау
Ұлттық киімдер, ыдыс - аяқтар және салт - дәстүрлермен таныстыру.
Киіз үйді безендіру.
Муляждарды жасау қазы, бауырсақ, құрт, ірімшік.

Киіз үй көркі
Қазақтың ұлттық киімдері
Өр Алтайға барғанда.
Көл жағасы тамаша!

II - Негізгі
Ойын орнын ұйымдастыру.
Ойын жағдайлары: «Қонаққа даярлық», «Әжеге сыйлықтар даярлау», «Көлік таңдап, жолға шығамыз».

Жолға дайындық
Ал, жүрелік!
Әжеме сағынып келгенде.
Әжеге сыйлықтар.
Үй жануарларын тамашалау
Дастарқан жасайық.
Әжеме қолқанат етейік.
Малдарды жайылымға шығарайық
Әженің көмекшілері
Әжемнің қою қоңыр шайын – ай!

III - қортынды
«Сыйлық тарату», «Қоштасу»

Рахмет, балалар, менің ауылыма келіп мені қуанттыңдар, мен де сендерді құр қол кетпесін деп сыйлықтар бергім келіп тұр.
Әже біздің кететін уақытымызда болып қалды, сау болыңыз.
Сыйлықтар таратылуда.
Әжеме естелікке фотосурет.

Әже қоңырау шалды.
Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қалдарың қалай, амансыңдар ма балапандарым. Маған ауылға қонаққа келіндер. Мен сендерді қатты сағындым.
Тәрбиеші: - Балалар, біз әжеге сыйлыққа не алып барамыз?
Балалар: - Әжемізге сыйлыққа ұялы телефон, білезік алайық. Сәлемдемеге қант, шай, жемістер алуға болады.
Тәрбиеші: - Балалар, әжеге ауылға бару үшін қандай көлікті таңдасақ екен?
Балалар: - Ауылға автобуспен барайық.
Тәрбиеші: - Автобусқа кіргенде біз не алуымыз керек?
Балалар: - Ақша төлеп билет аламыз.
Тәрбиеші: - Кім жүргізуші болады? Кім билет сатушы болады?
Міне біз әндетіп, ауылға да жетіп қалдық. Енді түсейік.
Ауылдың ауасы қандай таза, терең тыныс алып дем алайық. Құстардың сайраған дауысы қандай тамаша. Суы қандай тұнық. Жасыл шөптер жайқалып, гүлдер құлпырып кетіпті ғой.
Тәрбиеші: - Балалар, табиғат туралы кім тақпақ біледі?

Бала: Табиғат ана құшағын аялаймыз,
Қорғау үшін күш жігер аямаймыз,
Ол болмаса сен жоқсын осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!

Алдарынан Әже шығады.

Балалар: - Әже сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай? Біз автобуспен келдік.
Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балаларым маған қонаққа келіп қалыпсыңдар, жоғары шығындар. Сендерге арнап айран ұйытып, құрт жасап қойып едім. Мұндағы қымыз, шұбаттан ауыз тиіндер.
Балалар: - Әжетай біз сізге көп сыйлықтар алып келдік. Сізге сыйлықтар ұнайды деп ойлаймыз.
- Міне, сізге телефон алып келдік, бізбен ылғи хабарласып жүресіз.
- Әже, біз көп тақпақтар білеміз. Сізге айтып берейік, тыңдаңыз.

Әжем менің әліде, Бөбегіңнің тілегін
Ұқсамайды кәріге Қабыл алшы, әжетай.
Шай қайнатып береді Ұзақ өмір, жүз жасап,
Қажет болған кісіге. Жүрші әже қамықпай.

Әже: - Рахмет балапандарым. Мен сендерге шай қайнатайын, бауырсақ пісірейін.
Балалар: - Әже малдың бәрі өріске жайылып кеткен бе?
Әже: - Иә, балаларым мына жақын маңда қозылар, бұзаулар қалып еді, оларға су құйып, жем салу керек.
Балалар:- Әже сіз шаршаған боларсыз, біз сізге көмектесеміз. Біз балабақшада үй жануарлары туралы тақпақтар жаттадық.

Ауылдың қойы бар, Ешкі қойды бастаған,
Қойы бардың тоны бар. Қойды артына тастаған.
Сауса тәтті сүті бар, Ешкі деген жануар,
Сойса дәмді еті бар. Сауса сүті бұлақтай.

Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағын.

Әже: - Рахмет, қандай жақсы тақпақтар айттыңдар.
Қыздар дастарқан әзірлейді, ұлдар малдарға жем береді, су құяды, қораға қамап береді.
Балалар әженің дәмді шайын ішіп, жаттаған әндерін айтып береді.
Ән «Әжетай»

Әже балаларға дайындаған сыйлықтарын таратады.
Балалар:- Әже, біздің қайтатын уақытымыз болды. Айран, шайыңыз өте дәмді екен. Рахмет сізге, енді сіз қонаққа келіңіз. Сау болыңыз!
Әже: - Сендерге рахмет, сендер болмасаңдар қайтер едім. Тағы ауылға келіп тұрындар. Бәріне сәлем айтыңдар.

Балалар автобусқа отырып қалаға қайтады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама