Жұрнақ пен жалғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі: Ақоразова Бақтыгүл Махмутовна
Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.
Мақсаты: 1. Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере
отырып, олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінетін туралы түсінік
беру.
2. Ой - өрісін, сөз байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Ауызша, жазбаша сөйлеуде ұшқырлыққа, терең ойлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, дамыта оқыту, түсіндіру, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, кестелер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет.
Жүрісі.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу, құралдарын дайындап, назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
281 - жаттығу
Өзің қалаған тақырыпқа шығарма жазу.
Дидактикалық ойын. «Көбелектерді өз гүліне қондыр»
4. Өткенді пысықтау.
Түбір мен қосымшаның ережесін сұрау.
Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Бір шал мен кемпірдің Жалқаубек деген немересі сабаққа барғанда қазақ тілін түсіне бермейді екен. Мұның себебі, оның сөздік қоры тым тапшы болыпты. Ал оның досы Талапбек сабақты жақсы оқыпты. Жалқаубек одан көмек сұрап, қазақ тілін үйренбекші болады. Сөйтіп, Талапбек пен Жалқаубек сөз әлеміне саяхатқа аттанады. Онда кіру үшін мына қақпадан өту керек. Ол қақпа сұрақтар қояды. Сұрақтарға жауап берсе, қақпа ашылады.
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды арман - тоғай,
Қирайды орда - сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады
Сонда, не сақталады?
Мәңгілік сөз сақталады.
Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.
- Сөз неден құралады? (Буыннан)
- Буын неден құралады? (Дыбыстардан)
- Сөз нені білдіреді? Ол белгілі ұғымды, заттың, құбылыстың, адамның атын, қимылын, сынын,
санын білдіреді.
- Міне, балалар дұрыс жауап бердік.
Қақпамыздың есігі ашылды.
- Қосымша туралы не білесің?
Бұл сұраққа Жалқаубек мүлдем жауап бере алмайды.
Олай болса, бүгін сендермен қосымша туралы білімімізді кеңейтейік.
Қане, бірге бәріміз
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен,
Бір елге жетіп қонамыз!
Қосымша деп аталар
Бұл елде мүлде бейтаныс.
Біз білмейтін, балалар
Қосымшаның түрі бар.
Жаңа сөздер жасайтын,
Жұрнақ атты ұлы бар.
Сөз бен сөзді қосатын,
Жалғау атты қызы бар.
Слайд арқылы сызбаны көрсету.
Операциялық - орындаушылық кезең.
Суретпен жұмыс.
- Мынау не?
- Бүркіт
- Ал енді осы сөзге қосымша қосып көрейікші.
- Бүркітші.
- Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
- Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті. Яғни жаңа
сөз жасалды.
Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік: бүркіт+пен. Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды. Бұл алдындағы сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
- Жоқ
- Сөз бен сөзді байланыстырады.
Демек, қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс - жұмыста, ойын - ойынға.
Дәптермен жұмыс.
Қаңтардың жиырма төрті
Көркем жазу Үү
Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықпен жұмыс.
282 - жаттығу. Берілген қосымшалардың қайсысын қай сөзге қосып айтуға болады.
Суға, суды, сулық, сусын
Тазалық, тазала.
Қосымшалы сөздерге сұрақ қойып, мағыналарының өзгерген - өзгермегенін байқау.
283 - жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазу. Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндіру.
Жұрнақ ^, жалғау белгіленетіндігін ескерту.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Өнерлі сөзін талдау.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Тынығып дем аламыз
284 жаттығу.
Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғаған сөздеріңді қатыстырып сөйлем құра.
Дос, іс, жұмыс
Достық, іскер, жұмысшы.
Достық күші бірлікте. Менің ағам іскер.
Жұмысшы жұмысқа келді.
285 - жаттығу. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жаз.
Батырлық ғалымның
Іскер көмірді
Көлшік дәптері
Биші бидайды
Бастық әжем
Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
«Алма жинау» ойыны.
Кел, балалар, ойнайық!
Тектен - текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық
Үзіп алып бақтардан,
Достарымызға сыйлайық.
Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке, жалғау жалғаннан сөзді Талапбекке береміз. Қай қатар шатаспай орындайды, сол жеңіске жетеді.
Венн диаграммасы.
Expo 2017 - 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын халықаралық көрме. Астанадағы EXPO - 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін
ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. Кемел елдің көкжиегін кеңейткен «EXPO - 2017» көрмесі көркем келешегіміздің кепілі болатынына кәміл сенімдіміз. Бұл көрме - елдің
ертеңіне, Қазақстанның жер жапанға жол тартатын көпірі болары даусыз. Енді бүкіл әлем «Болашақтың энергиясы» Қазақстанда сезініп, Қазақстанда тамашалайтын болады.
Ендеше бәріміз Елбасы мен ол жеңісіне қолдау көрсетіп, «EXPO - 2017» көрмесін, яғни осындай келелі істі абыроймен атқарып, өткізуге бізде сапалы білімімізбен биіктерден көрініп, өткізуге ат
Салысайық.
Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Не білдік?
Үйге тапсырма 286 - жаттығу. «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мәтінін құрау. Төрт түлік суреттерін көрсету. Оның пайдасы күту, қамқорлық жайлы әңгімелеу.