- 08 қаң. 2020 00:00
- 205
Қожанасырдың жауабы
Бір күні Қожанасырдан:
— Таң атқан соң адамдар не үшін түрлі-түрлі жаққа қарай тарап кетеді екен, — деп сұрапты.
— Ой, сорлылар-ай! Осыны да білмей жүргендерің, — деді Қожанасыр ызаланғандай болып. Егер адамдар түрлі жаққа жүрмесе, бет-бетімен бытырамаса, бәрі бірдей бір беткей, бір жағына қарай жүре берсе, жер де бір жағына қисайып, ақыр соңында аударылып кетпес пе еді? Соны да сұрап тұрсың ба? — депті Қожанасыр.