Photo: Negative Space (https://www.pexels.com/@negativespace) / Pexels
- 16 нау. 2026 22:31
- 24
Kaspi.kz түсіндірді: Неліктен шетелдік валютамен төлегенде ақша көбірек шегеріледі?
Шетелдік сайттардан немесе шетелде жүріп тауар сатып алғанда, кейде төлем жасалған кездегі сома мен шоттан нақты шегерілген соманың арасында айырмашылық байқалады. Бұл жағдайларға Kaspi.kz компаниясы түсініктеме берді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, мұндай операциялар үшін ешқандай жасырын немесе қосымша комиссия алынбайды. Айырмашылықтардың пайда болуына халықаралық төлем жүйелерінің (Visa, Mastercard) жұмыс істеу тетіктері мен валюта бағамының ауытқулары себеп болады.
Төлемнің екі кезеңі
Kaspi.kz мамандарының айтуынша, шетелдік валютамен жасалған төлемдер әрқашан екі кезеңнен тұрады:
Осы уақыт аралығындағы айырмашылыққа байланысты төлем сомасы өзгеруі мүмкін. Егер осы күндері теңге әлсіресе, картадан сәл көбірек ақша шегеріледі, ал теңге нығайса, айырмашылық балансқа қайтарылады.
Есептесу мәліметтерін қайдан көруге болады?
Kaspi.kz қолданушыларға қосымшадағы «Хабарламалар» бөлімінде («Менің Банкім») есептесудің толық мәліметтерін жіберетінін атап өтті. Онда келесі ақпараттар көрсетіледі:
Ақшаны қайтару кезіндегі ерекшеліктер
Ақшаны қайтару мәселесіне келетін болсақ, банк бұл – жаңа операция екенін түсіндірді. Дүкен валютаны қайтарады, ол теңгеге сол күнгі бағаммен конвертацияланады. Сондықтан қайтарылатын сома да бастапқы төленген сомадан өзгеше болуы мүмкін.
«Егер сатып алу сәтінен бастап бағам өзгерсе, қайтарылатын сома бастапқы сатып алу сомасынан артық немесе кем болуы мүмкін», — деп нақтылады банк өкілдері.
Мұндай транзакцияларға қатысты барлық деректерді Kaspi Gold картасының үзіндісінен кез келген уақытта көруге болады.