Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ұлықпан Жолдасов ауызашарда бата бере алмады: Желіде қызу талқыға түсті

Белгілі әнші, композитор әрі продюсер Ұлықпан Жолдасовтың жақындарымен өткізген ауызашар кезіндегі жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ол жиналғандарға бата бере алмаған соң, сәл күлкілі жағдайға тап болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауызашардағы жағдай

Достары мен әріптестерінің ортасында өткен ауызашар барысында Ұлықпан Жолдасов бата беруге келгенде сәл қиналды. Ол жиналғандарға «Ал, ауыздарыңды ашайын деп жатсыңдар ғой. Берекесін берсін. Алла амандығын берсін. Бүгінгі концертіміз жақсы өтсін», – деп күліп, бетін сипаған.

Қалай қабылданды?

Әншінің бұл әрекеті кейбір адамдардың көңілінен шықпады. Желідегілер оның бата бере алмағанына таңғалыс білдіріп, пікір қалдырды. Кейбір қолданушылар «Шал болса да бата бере алмай ма әлі күнге дейін?», «Оразаны мазақ етіп отыр», «Ұят болды-ау» деген сияқты пікірлер жазды. Алайда, бұл жағдайды әзіл ретінде қабылдағандар да болды.

Жаңалықтар

Жарнама