Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Кім жүйрік ойға - сол алда
Кім жүйрік ойға - сол алда
Мақсаты: 1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі жауап қайтару.
2. Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды Отанын, ана тілін, белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық болуға үйрету.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

ІІ. Мұғалімнің сөзі
Бүгін сіздер 4 а сынып оқушыларының «Кім жүйрік ойға - сол алда» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Халқымыз жан - жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы»дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. Олай болса бүгін 4 а сынып оқушылары алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейік.

Ойын.
І «Біліміңді шыңда»
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Қуанышым, бақытым, дара тілім - деп ақын – жзушыларымыз жырлағандай 1 - ші айналымның тапсырмасы қазақ тілі пәні бойынша беріледі.

І топқа
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Мәтіннің қандай түрлері бар?
3. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
4. «Мұғалім»сөзінің синонимі?
5. Балақай сөзінде неше буын бар?
6. Мәтінге ат қою деген не?
7. Біріккен сөздер дегенеіміз қандай сөз?
8. Жалқы есім дегеніміз не?
9. Етістіктің неше шағы болады?
10. Үстеу дегеніміз не?

ІІ топқа
1. Етістік деген не?
2. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?
3. Балапан сөзінде неше буын бар?
4. Мәтіндегі негізгі ой?
5. Сөз таптары?
6. Жалпы есім дегеніміз не?
7. Қазақ тілінде неше септік бар?
8. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
9. Ғ қандай дыбыс?
10. Шылау дегеніміз не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама