Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кім кінәлі

Атырау өңірінде ана мен бала өлімі азаймай тұр. Бұл аймақтағы басты мәселе. Кейбір отбасының басынан осы оқиғалар өтіп жатыр . 2016жылғы көрсеткіштерге көз жүгірте қарасақ, 2017 жылы облысымыздағы жас нәрестелер өлімінің көрсеткіші 2,6% артты. 2018 жылдан бастап жылдың соңына дейін 69 жаңа туған нәресте шетінеді деген деректер бар. Осы жөнінде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшыларының мәлімдеуінше биылғы жылы  сәби өлімі 23 пайызға дейін көтерілгенін, бүгінгі күнде облыстық перзентхана да ана өлімінен гөрі сәбилердің шетінеп кетуі басымырақ деп сөздеріне тиек етті.

Осы орайда ақ халаттыларды сөзге тартсақ, жүкті әйелдердің денсаулығында кінәраттың болуы, уақытылы дәрігерге қаралмауы, өздеріне салғырт қарауы, стресске түсуі, ауырған жағдайда біздің көмегімізге жүгінбей, үй жағдайында өз ем-шараларын жасауы, дұрыс тамақтану режимін сақтамауы деп бірнеше себептерді негізге ала отырып сөйледі. Бізде қалыс қалмай аналардың пікірін білуді жөн көрдік. Жас босанған әйелдердің көбісінің айтуы бойынша, дәрігерлердің қарамайтының себеп ретінде айтты. Ауырып тұрып,көмек сұраса, бәлкім жақпайтын тағамды жеп қойған шығарсыз деп жеңіл-желпі қарайды екен. Сонда кінә жас ананың өздерінен де, ауырған жағдайда дер кезінде көмек көрсетпеген ақ халаттылардан болып тұрғаның аңғарсақ болады.

Қазір медицина саласында техниканың даму процесі қарқынды. Ай-күні жетпей босанған әйелдердің шаранасы 500 граммнан асып туылса болғаны, аман сақтап қалу мүмкіндігі бар. Бұл жай ғана мүмкіндік.Көбіне емес, кейбір жандарға ғана үміт отын сыйлайды.Жас ананың қолынан келетіні сабырлықпен ғана күту. Кіп-кішкентай бір жапырақты әйнек терезенің(вакумм) ішіне матап тастайды. Қиын жағдай... Қазіргі күні мұнайлы аймағымыз маманға мұқтаж. Бір жағынан қымбат қондырғылардың ахуалы да көңіл көншітпесе керек. Асылы,ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізденгеніміз абзалырақ.

Қайыр Сағыныш

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама