Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Біржанның Тезекбай ақынмен қағысуы

Біржан сал Тезекбай ақынмен замандас болған соң, әр уақыт кездесіп әзілдесіп, қағысып жүреді екен. Бір кездескенде екеуі былайша қағысып қалыпты:

Тезекбай:

Бұл өнерді кім берді, Біржан саған,
Өнер берген кісіңді айтшы маған.
Өнер берген кісіңді айта алмасаң,
Сенің өлең айтуын, тіпті арам.

Біржан:

Жаратқан бәрімізді — бір құдайым,
Абзал қылып жаратқан күн мен айын.
Өнердің бойға біткен арқасында,
Тезеке-ау, салдық құрмай не қылайын.

Тезекбай:

Рас, бәрімізді жаратқан — бір құдай-ды,
Абзал қылып жаратқан күн мен айды.
Бір құдайдың бірлігін хақ деп білсең,
Неше сипатпен танисың бір құдайды.

Біржан:

Өзің молла, оқисың жазған хатты,
Сері қайдан біледі шариғатты.
Әкем Қожағұл болғанда, өзім — салмын,
Мен сізден сұрамаймын насихатты.

Тезекбай:

Олай болса, отырғанда, ақын мен ой таба бер,
Күндіз-түні жүрсең де жол таба бер.
Орта жүздің баласы «Темір Қақпан, Байғұлыбай» деп әне, зарлап тұр ғой.
Қыз-келіншекке айтып, тана-моншақ жиып;
сонымен жолығысып мал таба бер,—

деп батасын беріпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама